Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

6 қыркүйек 2021 ж.

QOLDA 3.0 - 2021 жылдың 16-31 тамызы аралығындағы жұмыс

QOLDA жедел көмек бағдарламасының үшінші кезеңініңҮЕҰ-дары дайындық кезеңінен
23 тамыз 2021 ж.

QOLDA 3.0 - алғашқы екі аптаның нәтижесі

QOLDA жедел көмек бағдарламасының үшінші легінің жеңімпаз ҮЕҰ-дары өз жобаларын
19 шілде 2021 ж.

«QOLDA» шұғыл көмек бағдарламасының үшінші кезеңіне

Алматы, 2021 жылғы 19 шілдеде Орталық Азияның Еуразия Қоры “Шеврон” компаниясымен

30 шілде 2021 ж.

Qolda 3.0. шұғыл көмек бағдарламасы

2021 жылғы 19 шілдеде Орталық Азия Еуразия Қоры "Шеврон" компаниясымен бірлесіп ұйымдастырған «QOLDA» шұғыл көмек бағдарламасының үшінші кезеңі басталды.

Бағдарлама азаматтық қоғамның төтенше жағдайларға тиімді ден қою қабілетін арттыруға жәрдемдесуге және өткір әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етуге бағытталған.

Қазақстанның 14 облысынан 16 өңірлік ҮЕҰ-ы грант иегерлері атанды. Жобаларды 2021 жылғы 19 шілдеден бастап 2022 жылғы 15 қаңтарға дейін  кезеңде 6 ай ішінде іске асыру жоспарланып отыр.

Орталық Азияның Еуразия қоры сіздерді Qolda бағдарламасының үшінші кезеңінде жеңіске жеткен жобалармен қысқаша таныстырып өтеді. Жеңімпаздар қатарына өңірлік ҮЕҰ-ның жаңа жобалары, Республикалық маңызы бар жобалар, «Qolda 2.0» екінші кезеңінен бастап қызметін сәтті жалғастырып отырған жобалар енді.

 

ТЖ кезінде халықты ақпараттандыру және қолдау бойынша жобалар

Қызыл Ай Қоғамы Қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы, Павлодар облысы

«Қоғамдық сенім» жобасы– ТЖ ұшыраған Ленин ауылы мен Баянауыл ауданындағы апаттар кезінде әрекет ететін облыстық волонтерлер тобын дайындау.

Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының және ауылдық аймақтардың белсенді волонтерлері үшін теориялық дайындық пен далалық жаттығуларды қамтитын оқу тренингтері ұйымдастырылады. Волонтерлер тұрғындармен бірлесіп қауіп ықтималдылығын бағалайды, аумақтар үшін қауіп-қатер картасын жасайды, ТЖ немесе ҚК кезінде тұрғындардың рөлі мен орнын анықтайды деп жоспарлануда.

«ЛОКО» оқу-кеңес беру орталығы» ЖМ, Ақтөбе қаласы

«Фокус» жобасы - COVID-19 профилактикасы мен басқа да вирустық аурулардың, орман өрттерінің, судағы іс-әрекеттің, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және жалпы қоғамдағы басқа да қауіп-қатерлерді алдын алу бойынша еріктілер тобын құру. Семинар-тренингтер, электрондық БАҚ-та хабарландырулар, нысаналы топ өкілдерімен жеке кездесулер және консультациялар ұйымдастырылады. Жоба шеңберінде барлық қызметтердің (Сенім телефондары, дәріханалар, ауруханалар, ТЖ, өрт, жедел жәрдем және т.б.) байланыстары көрсетілген брошюралар, жадынама-буклеттер шығарылады.

Жоба аясында 200 адамға өмірлік қиын жағдайда сапалы көмек көрсетіледі. Мақсатты топ күтпеген төтенше жағдайлар мен төтенше жағдайлардың жағымсыз әсерінің алдын алуға дайын болады, алаңдаушылық, дүрбелең, қорғансыздық сезімдерін түбегейлі жояды деп күтілуде.

«АРДОС – Жүрек» мүгедектер бірлестігі» ЗТБ, Петропавл қаласы

«Тең Қоғам» мобильді қосымшасы» жобасы– мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін өзекті және пайдалы ақпарат алуға арналған сапалы онлайн қосымша. Бағдарлама мазмұны бірнеше блоктан тұрады:

1. Заңдар мен жеңілдіктер – өмірлік мысалдармен берілетін ақпарат;

2. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру. Түйіндеме жазу, бизнес ашу, фриланста жұмыс жасау бойынша ұсыныстар;

3. Оқыту - алдағы оқыту курстары туралы ақпарат;

4. Әлеуметтік қызметтер;

5. Ата - аналарға көмек – мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу бойынша психологтың практикалық кеңестері;

6. Жиі қойылатын сұрақтар.

Жоба мүгедек адамдар үшін өзекті және пайдалы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ инклюзивтік қатысу арқылы оларды жан-жақты әлеуметтендіруге бағытталған.

 «Ұлағат» ЖҚБ, Шығыс Қазақстан облысы

Павлодар облысында қолданыстағы «ТЖ жағдайында азаматтардың ден қою ресурсын құру» жобасы. Алматы облысының ауылдық жерлерінің тұрғындары қатарынан волонтерлерді даярлау арқылы Алматы облысында ТЖ кезінде әрекет ете алатын еріктілер желісін кеңейту жоспарлануда.

Жоба тобы «Qolda 2.0» бағдарламасында іске асырылған бастаманы жалғастырады. Жобаның жаңа кезеңінде волонтерлер желісін кеңейту, волонтерлердің әкімдіктермен ғана емес, ТЖ қызметтерімен, әскери, полициямен өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеу жоспарлануда.

Сондай-ақ, команда қолданыстағы «Qolda» мобильді қосымшасын Алматы облысы бойынша ақпаратпен толықтырады.

 

Ауылдық аймақтардағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жобалар

«VERUM Foundation» ҚБ, Қазақстанның 10 өңірі

Жоғары білікті психологиялық және заңгерлік көмек көрсету желісі бойынша дағдарыс орталықтарын қолдау, оларды өңірлерде дамыту жөніндегі жоба.

Жоба аясында «Genesis» Экспресс - психотерапиялық тәсілі» авторлық әдісі бойынша дағдарыс орталықтарының психологтарын, заңгерлерін оқыту және біліктілігін арттыру жоспарлануда. Дағдарыс орталықтарының қызметкерлері зорлық-зомбылық құрбандарына көрсетілетін қызметтердің сапасы мен біліктілігін арттырады.

Осылайша, дағдарыс орталықтары зардап шеккендер мен зорлық-зомбылық құрбандарының қарым-қатынасы үшін көрсетілетін психологиялық және құқықтық қызметтердің сапасын едәуір жақсарту жоспарға қойылған.

«Заң талабы» құқықтық қорғау орталығы» ҚБ, Түркістан облысы

Түркістан облысының ауыл-аймақтарындағы гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу жобасы. Жоба аясында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған тұлғаларға жан-жақты көмек көрсетіледі.

Жоба аясында:

1. Ауыл әйелдері мен жасөспірім қыздардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша «Әйелдер құқығы - адам құқығы» мектебін өткізу;

2. Жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе зорлық-зомбылықтың куәгері болған кәмелетке толмаған балаларға құқықтық және психологиялық көмек көрсету;

3. Агрессор ер адамдарға психологиялық көмек көрсету;

4. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемалары бойынша ақпараттық науқандар өткізу;

5. Құқық қорғау және мемлекеттік органдардағы отбасылық- тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының мүдделерін қорғау.

«QazYmCenter» ҚБ, Өскемен қаласы

Өскемен қаласында естімейтін әйелдерге арналған Қазақстандағы алғашқы дағдарыс орталығының жобасы.

Көмек екі бағытта жүзеге асырылады:

1.Бейне қоңыраулар қабылдау арқылы зардап шеккен әйелдерге көмек;

2. Сурдоаударманы тарта отырып, әйелдерге психологтың жеке кеңес беруі.

Жобаның мақсаты - зорлық-зомбылықтың алдын алу, абьюзерден қорғану тәсілдері туралы ақпаратты ымдау тілінде ақпараттық бейнероликтердің көмегімен тарату, сондай-ақ әйелдерді психолог пен дағдарыс орталығының қызметтерін пайдалануға шақыру.

 

Эко-білім беру және эко-волонтерлікті дамытуға бағытталған жобалар:

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ұмай» қайырымдылық үйі, Қызылорда қаласы

Күн электр станциясын орнату, мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық сауатын арттыру бағдарламасын іске асыру үшін «Ұмай» қайырымдылық үйінің аумағында жылыжай салу.

Сондай-ақ, жоба аясында 10 волонтер мен 10 мектепке дейінгі білім беру тәрбиешілерін «Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым экологиялық идеялары» бағдарламасын жүзеге асыру әдістері бойынша оқыту жоспарлануда.

Ұйым 42 баланы тұрғын үймен тегін қамтамасыз етеді. Оқыту аясында мектеп жасына дейінгі балалардың бойында суды үнемдеу, қоқысты сұрыптау, қоқыс тастамау, үй өсімдіктерді өсіру, гүлдерді жұлмау, ағаш отырғызу, пластик, бір рет қолданылатын ыдыс-аяқтарды пайдаланбау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау  секілді дұрыс экологиялық әдеттер қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақтарға М. Мантессоридың ерте даму әдістемесі енгізілген.

 «Green Help» ҚБ, Петропавл қаласы

Қалалық су қоймалары тазалығына мониторинг жүргізу және эковолонтерлық бойынша жоба.

Жоба аясында келесі іс-шаралар жоспарлануда:

1. Өзендер мен көлдерді қорғау бойынша жалпықалалық акция өткізу. Есіл өзені мен Пестрое өзені аралындағы қоқыстарды жинау үшін волонтерлер тобын және қала тұрғындарының күшін тарту;

2. Есіл өзені мен Пестрое өзеніндегі адамдар көп жиналатын жерлерде инфрақұрылым құру (нысаналы учаскелерде қоқыс жинауға арналған контейнерлерді орналастыру);

3. Жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі (қайта өңдеуші компаниялар) бизнес өкілдерін нысаналы учаскелерде қалдықтарды жинау және қайта өңдеу мәселелері бойынша ынтымақтастыққа тарту;

4. Қалалық су айдындарының тазалығына мониторинг жүргізу үшін тұрақты экологиялық патруль форматында еріктілер желісін ұйымдастыру.

«Отбасы Орталығы» ҚҚ, Семей қ.

Балалар мен ересектерге экологиялық ағарту және білім беру жобасы.

Жобаны іске асыру экологиялық мәдениет пен білім деңгейін арттыруға, халықты өңірдің экологиялық проблемаларын шешуге тартуға мүмкіндік береді.

Жоба аясында:

1. Экологиялық бағыт бойынша ақпараттық қолдау және ағарту жұмыстары (мастер-кластар, онлайн –вебинарлар және т. б.);

2. Экологиялық мәселелер бойынша ШҚО Жол картасын жүзеге асыру;

3. Әлеуметтік мекемелерде эко-волонтерлермен сабақ өткізу үшін эко-бөлмені ұйымдастыру;

4. Шығармашылық эко-бастамаларды ұйымдастыру: акциялар, конкурстар, форумдар.

«Новое Время» ЖМ, Қарағанды қ.

Жастар арасынан экологиялық ағарту бойынша экотренерлер мен эковолонтерлар дайындайтын «ЭкоЖастар» мектебі.

Жоба аясында «ЭкоЖастар» мектебінің брендін құру жоспарлануда. Бірінші бітірушілердің міндеті - Қарағанды облысы жастары арасынан (университеттер мен колледж студенттері)  30 экотренер және 50 эковолонтер дайындау.

Оқыту нәтижелері бойынша экотренер-волонтерлер Қарағанды облысының экологиялық ойлау негіздерін оқытатын білім беру ұйымдарында тағылымдамадан өтеді. Эковолонтерлер мектеп қамқорлығымен ұйымдастырылған сенбіліктер мен онлайн-экологиялық шараларға қатысады.

 

Еңбек нарығында жұмыссыздарды қалпына келтіруге, микро және нано бизнесті бастауға арналған жобалар

«Белес-Жетісу» ҚҚ, Алматы облысы

Алматы облысының әлеуметтік осал санаттағы әйелдерін микро-бизнес негіздеріне оқыту.

Жоба аясында Алматы облысы Ескелді ауданының 50 әйеліне арналған 5 айлық тігін және пішу курстары өткізу жоспарлануда. Қатысушылар қосымша «Бизнес жоспарлау», «СММ маркетинг», «Бухгалтерлік есеп негіздері» курстарынан өтеді.

Оқуды аяқтағаннан кейін олар Атамекен ҰКП «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша өтінім бере алады. Бағдарлама конкурстық негізде қатысушыларға 583 мың теңге қайтарымсыз грант бөледі, оған әйелдер кәсіби тігін жабдықтарын сатып алып, өз ісін бастай алады.

 «Golden hearts» ҚБ, Петропавл қаласы

Ауыл тұрғындарын цифрлық және қаржылық сауаттылық негіздеріне оқыту жобасы.

Жоба аясында мамандар ауыл тұрғындарын цифрлық сауаттылық дағдыларына үйретеді: мобильді қосымшаларды, электрондық үкімет порталын және әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану.

Жұмыс барысында қолма-қол ақшадан электрондық ақшаға көшу кезінде кездесетін қорқыныштар пысықталатын болады. Ауыл тұрғындары өздерін және қаржысын алаяқтардың қызметінен қорғаудың жолдары туралы хабардар етіледі.

Осылайша онлайн қызметтерді пайдалануда қала мен ауыл тұрғындары арасындағы алшақтық қысқарады, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауылдарды цифрландыру бойынша көрсеткіштер жақсарады.

 

Aдвокациялық жобалар

«Ты – не один» ҚҚ, Республикалық маңызы бар жоба

АИТВ-ассоциацияланған ауруларды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне (ТМККК) енгізуге бағытталған адвакациялық іс-шараларды өткізу жөніндегі жоба.

Жоба аясында әлеуметтік маңызы бар аурулардан зардап шеккен пациенттер қауымдастығының күш-жігерін бірыңғай құрылымға біріктіру жоспарлануда. Жобаның маңызды нәтижелерінің бірі әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шеккен адамдардың проблемалары бойынша ҚР Парламентіне депутаттық сауалды дайындауға бастамашылық ету және ТМККК бойынша НҚА толықтыру болады.

Жобаның серіктестері - әлеуметтік маңызды аурулар мәселелері бойынша жұмыс істейтін Алматы, Қарағанды, Ақмола облыстары бойынша өңірлік ҮЕҰ.

«Жанұя» отбасын қолдау орталығы» ҚҚ, Республикалық маңызы бар жоба

Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау жөніндегі жоба. ҚР Білім беру жүйесінде педагог-психологтың кәсіби-тұлғалық мәртебесін арттыру.

Жоба шеңберінде педагог-психологтардың білім алушылардың ата-аналарын, қамқоршыларын кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгез қарау фактілерінің алдын алу және ескерту туралы хабардар ету алгоритмін әзірлеу жоспарлануда.

Екінші кезеңде кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық, қатыгез қарым-қатынас, сиуцидтік, девиантты мінез-құлық жағдайында мобильді әрекет ету қызметі туралы ережені әзірлеу жоспарлануда. Жоба мемлекеттік органдардың қатысуымен іске асырылатын болады.

«Tandau Foundation» ҚҚ, Республикалық маңызы бар жоба

Павлодар облысының ауыл-аймақтарында қоғамдық объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жоба.

Жоба шеңберінде 40 қоғамдық ғимаратқа мониторинг жүргізіледі, талдау негізінде осы объектілерді бейімдеу бойынша ұсынымдар мен 6 айдан 3 жылға дейінгі мерзімге жол карталары әзірленетін болады. Бұл талдау ауылдық елді мекендерде қолжетімді ортаны қалыптастырудың типтік қателіктерін анықтауға негіз болады, өз кезегінде ауылдық өңірлердің мамандарын оқыту бағдарламасын әзірлеуге септігін тигізеді.

Жоба жаңа, бірақ «Қолжетімді Қазақстан» жобасының логикалық жалғасы болып табылады, оның аясында Республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында жұмыстар жүргізілді.

Поделиться страницей: