Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

30 шілде 2021 ж.

Qolda 3.0. шұғыл көмек бағдарламасы

2021 жылғы 19 шілдеде Орталық Азия Еуразия Қоры "Шеврон" компаниясымен бірлесіп
19 шілде 2021 ж.

«QOLDA» шұғыл көмек бағдарламасының үшінші кезеңіне

Алматы, 2021 жылғы 19 шілдеде Орталық Азияның Еуразия Қоры “Шеврон” компаниясымен
17 маусым 2021 ж.

QOLDA 3.0

Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «QOLDA» шұғыл

25 мамыр 2021 ж.

"Qolda 2.0" шұғыл көмек бағдарламасының нәтижелері

1. "Жанұя" отбасыны қолдау орталығы" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Алматы облысы Іле ауданы.

Алматы облысы Іле ауданындағы колледждер мен орта мектептердің педагог-психологтарына "Психологиялық проблемалардың барлық түрлерін шешуге арналған "Genesis" экспресс-психотерапиялық тәсілі" бойынша оқудан өтті. Сабақтардың жалпы сағаты 240.

Жоба қатысушылары оқушылар, ата-аналар мен әріптестеріне беретін консультациялар барысында "Genesis" дағдыларын қолдана бастады және осы тәсілдің жоғары тиімділігін өз көздерімен көрді. Қазіргі кезде қордың қызметкерлері авторлық "Психологиялық проблемалардың барлық түрлерін шешуге арналған "Genesis" экспресс-психотерапиялық тәсілі" бойынша аттестациядан өткен 41 қатысушыға сертификаттарды дайындап жатыр.

2. "Заң Талабы" құқық қорғау орталығы. Қамту аймағы - Шымкент қ. және Түркістан облысы.

"Qolda" шұғыл көмек бағдарламасы аясында наурыз айында "Заң Талабы" құқық қорғау орталығының заңгері 20 консультация өткізді. Оның 11 физикалық зорлық-зомбылық, 4 экономикалық зорлық-зомбылық және 5 басқа сұрақтар бойынша. Қоғамдық қордың психологына 17 бенефициар хабарласып, көмек сұрады. Психолог тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына психо-эмоционалды жағдайын түзету бойынша кеңес берді. Психолог өз жұмысында түрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерге қатысты жеке консультация әдістерін қолданады. Консультациялардан кейін бенефициарлардың мазасыз деңгейі төмендегені байқалып отыр.

Сенім телефонына 37 өтініш түскен. Оператор оларға алғашқы кеңес беріп, өтініш берушілерді психолог пен заңгерге бағыттады. Барлық өтініштер Excel базасында тіркеледі. Ай сайын үйлестіруші ұйымға қоңырау шалғандар бойынша мониторинг өткізеді.

#StopViolence аясында Шымкент қ., Сарыағаш және Жетісай аудандарында ақпараттық кампаниялар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар ауыл-аймаққтарда тұратын жасөспірім қыздар мен әйелдерге 2 582 маска мен 657 антисептик таратылды.

3. "Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Алматы облысы Шелек ауылдық округі.

"Тегін киім дүкені" акциясы өз жұмысын жалғастыруда. Өткен айда 48 мұқтаж отбасығы киім мен аяқ киім таратылды.

Карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты медициналық маскаларды кию және карантиндік шаралардың сақталуын насихаттау мақсатында акция ұйымдастырылып, оның барысында халыққа, әсіресе әлеуметтік осал отбасыларға 150 маска таратылды. Осы акция нәтижесінде 28 отбасы қамтылды.

"Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтары" қоры спорттық және маусымдық аяқ киімдер, жеңіл күртешелер, футболкалар, аксессуарлар, күрткелер, футболкалар, джинсы мен шалбарлардан тұратын 70 жиынтық таратты. Акция нәтижесінде 48 отбасы қамтылды. Көмектің жалпы сомасы 600 000 теңгені құрады.

Шелек ауылындағы көмекке мұқтаж отбасылар туралы https://base.fmsenkaz.kz/ деген мәліметтер базасы құрылып, іске қосылды. Оның ішінде 503 отбасы туралы ақпарат бар.

Алдағы екі аптаға "Тегін киім дүкені" мен "Бір сағаттық немере" акциясын жалғастыру, сондай-ақ көмекке мұқтаж отбасыларға көмек көрсету жоспарланған.

4. "Ұлағат" Жастар қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Шығыс-Қазақстан облысы.

Қоғамдық бірлестік барлық облыстың түпкір-түпкірінен оқудан өткен еріктілерге сертификаттарды табыстау рәсімін аяқтады. Мобильді қосымшаның Android-ке арналған нүсқасы дайын болды. Енді оны IOS-қа бейімдеу үшін қажетті ақпаратты жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда мобильді қосымша туралы ақпаратты жан-жаққа тарату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы екі аптада мобильді қосымшаның жұмыстары толықтай аяқталады деп күтілуде.

5. "Қызыл жарты ай қоғамы" қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Қарағанды облысы.

2021 жылдың 20 сәуірінде "Халық пен Қазақстан Республикасының Қызыл жарты ай қоғамы апат кезінде әрекет ету тиімділігін арттыру. Төтенше жағдайға дайындық кезіндегі еріктілердің рөлі" тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Жобаға белсенді қатысқан еріктілерге грамоталар мен сыйлықтар табысталды.

6. "Қазақстанның медициналық жастары" қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Шымкент қ. және 14 облыс.

Еріктілер бастамалары сайысының бекітілген ережесіне сәйкес 5-9 сәуір аралығында «COVID-19-ды бірге жеңеміз!» жобасының қатысушыларынан өтініштер қабылданды. 9 сәуір күні өтініштерді өңдеу жұмыстары жүргізілді. Жеңімпаздар: «Денсаулық барлығымызға ортақ» (Шымкент қ.) және «Батырларға көмек» (Семей қ.). «Денсаулық барлығымызға ортақ» жобасының аясында Шымкент қаласында 2000-нан астам медициналық маскалар мен ақпараттық брошюралар таратылды. Ал Семей қаласында «Батырларға көмек» акциясы барысында еріктілер вакцинация пунктерінде көмек көрсетті.

7. "Антарес А" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Өскемен қ.

«Антарес А» қоғамдық қоры 7 азық-түлік пакеттерін таратты (127 адам қамтылды), психолог 6 консультация өткізді (70 адам қамтылды) және 6 төсек-орын жабдықтарын таратты. 140 адамға жеке қорғаныс құралдары (маскалар, антисептиктер) таратылды.

8. "Целина" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Атбасар қ.

Еріктілер жеміс-жидек, кептірілген жеміс және көкөністерді өлшу, оларды қораптарға бөлу жұмыстарын «Целина» қоғамдық қордың кеңсесінде өткізді. Атбасар қаласы мен Атбасар ауданы бойынша тасымалдау үшін екі көлік қолданылды. Сол қораптар жоспарланған 200 ҰОС ардагері, еңбек ардагері және тыл еңбеккерлеріне жеткізілді. Қоғамдық қорға алғыстар мен оң пікірлер келіп жатыр.

Алдағы аптада қор "Qolda 2.0" шұғыл көмек бағдарламасы аясында атқарылған жұмысты қорытындылап, шығармашылық есеп беруді жоспарлап отыр.

9. "Жаңғыру" Солтүстік Қазақстан облысының немістер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Петропавл қ.

2021 жылдың 30 сәуірінде "Жаңғыру" Солтүстік Қазақстан облысының немістер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі Солтүстік Қазақстан облысында «Жақсылық кезеңі» жобасын қорытындылады. Екі ай көлемінде қоғамдық бірлестіктің қызметкерлері азық-түлікті сатып алу және бағаларды салыстыру бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Жоба аясында облыстың 8 ауданына көмек көрсетілді. Еріктілер мен белсенділер 3000 шақырым жол жүріп, 50 елді мекендерге барып қайтты. Қоғамдық бірлестікке облыс мектептердің директорлары мен әлеуметтік мұғалімдер және әкімдік қызметкерлері үлкен қолдау көрсетті.

Алдағы екі аптада қауымдастық есеп беруге дайындалады.

10. "Кемпірқосақ" қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Қостанай қ.

 «Кемпірқосақ» қоғамдық бірлестігі ата-аналар мен балаларға арналған массаждың 90 сеансын өткізді.

 «Кемпірқосақ» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері «Қарым-қатынас: жанжалдан шығудың тиімді жолдары. Отбасы, жұмыс, достар» және «Ресурстық жағдай: менің ресурстарым» атты екі тренинг ұйымдастырды. Сондай-ақ, тренинг барысында психолог 10 консультация өткізді.

Қауымдастық қызметкерлерінің айтуынша ата-аналар мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға психологиялық қолдау жүйесін құруды сұрап жатыр. Осы тақырыпқа байланысты «Кемпірқосақ» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Парламентіне хат жолдаған болатын.

Өткен айда «Кемпірқосақ» қоғамдық бірлестігі 80 азық-түлік жиынтықтарын таратты. Гуманитарлық көмек алған ата-аналар қоғамдық бірлестікке өз алғыстарын айтып жатыр.

Келесі аптаға бірлестік шығармашылық есеп беруды жоспарлап қойды.

11. "Отбасы орталығы" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Семей қ.

«Мұздыбай 1» шаруа қожалығы 30 қап тұқымдық картопты, ал «Облыстық балалар биологиялық орталығы» мемлекеттік кәсіпорны көшеттерді таратуды ұйымдастырды. Сонымен қатар 30 отбасыға тұқымдар, құрал-саймандар мен тыңайтқыштар таратылды.

20 адамға арналған тұрмыстық және тазартқыш құралдардан тұратын жиынтықтар сатып алынды.

"Oolda 2.0" шұғыл көмек бағдарламасы аясындағы барлық іс-шаралардан қалған қаражатқа "Отбасы орталығы" қоғамдық қорының кеңсесіне антисептиктер,гигиеналық құралдар мен жеке қорғаныс құралдарын (маскалар, қолғаптар, қорғаныс костюмдері) сатып алуға мүмкіндігі туралы тиісті хат дайындалды. Кеңседе азаматтарды қабылдау жұмыстары жүргізіледі, сондықтан осы заттар өте қажет.

Сондай-ақ, "Отбасы орталығы" ҚҚ жалғызбасты ананың үйінде 300 000 теңге көлемінде жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жоба аясында үш отбасының пәтерлерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Алдағы екі аптаға есеп беру жоспарланған.

12. "Сен жалғыз емессің" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Павлодар қ.

Сәуірдің бірінші аптасында серіктестермен, Хосписпен және ЖИТС орталығының өкілдерімен кездесулер өткізілді. Осы мекемелердің басшылары жобаның мақсаттары мен міндеттерімен танысып шықты. Ұйымдар пациенттерінің негізгі қажеттіліктерін айтты. Нәтижесінде әр мекемеге қажетті тауарлар мен қызметтердің тізімі жасалды.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдар қауымдастығының жетекшілерімен, сондай-ақ ЖИТС-пен ауыратын науқастарды күту мен қолдаумен айналысатын адамдармен кездесулер ұйымдастырылды. Келіссөздер барысында кедейлік пен аштық шегінде тұрған пациенттердің тізімін жасау туралы шешім қабылданды.

Бірінші декада тауар жеткізушілерін таңдауға арналды. Сол мекемелердің басшыларымен және әкімшілерімен телефон арқылы сөйлесулер жүргізілді.

Сондай-ақ тауар жеткізушілерін таңдау жұмыстары жүргізілді. Осы мекемелердің басшыларымен және әкімшілерімен телефон арқылы сөйлесулер жүргізілді.

Наурыз айының екінші аптасында Павлодар облысының хосписінде емделіп жатқан 45 паллиативті науқасқа арналған медициналық құрал-жабдықтар (жаялықтар, су ішетін ыдыс) сатып алынды. Төсек тартып жатқан науқастардың бос уақытын жақсарту мақсатында бір теледидар сатып алынды. Ал пациенттерге күтім жасауды жеңілдету үшін қайнаған суға арналған термопоттар сатып алынды. Аурудың соңғы сатысындағы науқастарға қажетті заттарын алу үшін ЖИТС орталығымен кездесу өткізілді. Православ шіркеуі мен мұсылмандар мешітінің діни жетекшілерімен кездесу ұйымдастырылды. Олар жобаға және Павлодар облысында тұратын паллиативті науқастарға қолдау көрсетуге ниет білдірді.

Сәуірдің бірінші аптасы «Павлодар облысының хосписі» КМК амбулаториялық-емхананың емделушілері және «Қиын өмірлік жағдайларға тап болған адамдарды әлеуметтендіру орталығы» ММ-нің паллиативті науқастарына азық-түлік, гигиеналық құралдар және медициналық заттар сатып алынды.

Хоспистің амбулаториясында жатқан 15 емделушіге тамақ және гигиеналық жиынтықтар берілді. Оның ішіне жөргектер, майлықтар және арнайы сеппелер кірді. Жалпы сомасы 300 000 теңгені құрады. Бейәлеуметтендіру орталығының 20 паллиативті науқастарына азық-түлік, гигиена жиынтықтары, іш киімдер, тәпішке және бір реттік жаймалар таратылды. Паллиативті науқастар мен Орталық пен Хоспистің қызметкерлері қоғамдық қор мен демеушілерге қолдау көрсеткендері үшін үлкен ризашылықтарын білдірді.

Сәуірдің екінші аптасында АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүретін 44 адамға қажетті тауарлар таратылды. Бұл санаттағы адамдарға жақсы тамақтану мен жеке гигиенаны сақтауды қажет етеді.

Пакетті тарату барысында психологтар 30-дан астам пациенттерге кеңес беріп үлгерді.

Алдағы уақытта "Сен жалғыз емессің" қоғамдық қоры паллиативті науқастарға көмек пен қолдау көрсету бойынша жұмыстарды жалғастырады.

Поделиться страницей: