Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

6 қыркүйек 2021 ж.

QOLDA 3.0 - 2021 жылдың 16-31 тамызы аралығындағы жұмыс

QOLDA жедел көмек бағдарламасының үшінші кезеңініңҮЕҰ-дары дайындық кезеңінен
23 тамыз 2021 ж.

QOLDA 3.0 - алғашқы екі аптаның нәтижесі

QOLDA жедел көмек бағдарламасының үшінші легінің жеңімпаз ҮЕҰ-дары өз жобаларын
30 шілде 2021 ж.

Qolda 3.0. шұғыл көмек бағдарламасы

2021 жылғы 19 шілдеде Орталық Азия Еуразия Қоры "Шеврон" компаниясымен бірлесіп

26 сәуір 2021 ж.

"Qolda 2.0": алдағы айға жоспарлар

1. "Жанұя" отбасыны қолдау орталығы" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Алматы облысы Жамбыл ауданы.

Алматы облысындағы Іле ауданының педагог-психологтары "Психологиялық проблемалардың барлық түрлерін шешуге арналған "Genesis" экспресс-психотерапиялық тәсілі" авторлық психотехнологиясы бойынша оқу процесін аяқтады. Қазіргі уақытта жаттықтырушылар, "Genesis" экспресс-психотерапиялық тәсілінің" авторлары Даненова Ж.Н. және Шурабеков К.С. қиын өмірлік жағдайға тап болған балалармен және ересектермен психокоррекциялық жұмыс жүргізетін мектеп психологтарына кеңес беріп, оларға қолдау көрсетіп жатыр. Психологиялық көмек алған адамдардан оң пікірлер келіп жатыр.

Алдағы апталарда Іле аймағының барлық мектептеріндегі педагог-психологтардың "Психологиялық проблемалардың барлық түрлерін шешуге арналған "Genesis" экспресс-психотерапиялық тәсілі" бойынша оқытуды жалғастыру жоспарлануда. Балаларды психологиялық оңалту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін бақылау үшін «Ресурс» бағдарламасымен мектептерді тестілеуден өткізіледі.

2. "Заң Талабы" құқық қорғау орталығы. Қамту аймағы - Шымкент қ. және Түркістан облысы.

"Qolda" шұғыл көмек бағдарламасы аясында наурыз айында "Заң Талабы" құқық қорғау орталығының заңгері 16 консультация өткізді. Оның 15 физикалық зорлық-зомбылық және 1 басқа сұрақтар бойынша. Қоғамдық қордың психологына 8 бенефициар хабарласып, көмек сұрады. Психолог тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына психо-эмоционалды жағдайын түзету бойынша кеңес берді. Психолог өз жұмысында түрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерге қатысты жеке консультация әдістерін қолданады. Консультациялардан кейін бенефициарлардың мазасыз деңгейі төмендегені байқалып отыр.

Сенім телефонына 24 өтініш түскен. Оператор оларға алғашқы кеңес беріп, өтініш берушілерді психолог пен заңгерге бағыттады. Барлық өтініштер Excel базасында тіркеледі. Ай сайын үйлестіруші ұйымға қоңырау шалғандар бойынша мониторинг өткізеді.

17 наурыз күні Жетысай ауданында, ал 26 наурыз күні Мақтаарал ауданында #StopViolence ақпараттық кампаниялар ұйымдастырылды.

Келесі екі аптада психологиялық және заңгерлік көмек көрсетуді және сенім телефоны арқылы консультациялар өткізуді жалғастыру жоспарланған. Ауыл-аймақтарда тұратын әйелдерге "Гендерлік және цифрлық құқықтар" тақырыбы бойынша тренингтер өткізіліп, Шымкент қаласында #StopViolence ақпараттық кампания ұйымдастырылады деп күтілуде. Отбасылық зорлық-зомбылық проблемасына блогерлер мен танымал пабликтердің назары тартылады. Сондай-ақ, жақын күндері ауыл-аймақтарда тұратын әйелдер мен қыздарға медициналық маскалар мен антисептиктерді тарату жоспарланып отыр.

3. "Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар" қоры. Қамту аймағы - Алматы облысы Шелек ауылдық округі.

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы ұйымдастырылып, жобаның өткен айдағы жұмысының қорытындылары талқыланды. Нәтижелер оң деп саналды.

«Мейірімділік аумағы» қайырымдылық жобасының еріктілері мен үйлестірушілері «Бір сағаттық немере» ("Внук на час") акциясын жүзеге асырды. Жобаға барлығы 13 ерікті қатысты. Олар күрек, сыпырғыштар және басқа да тұрмыстық техникалармен қаруланып, үйлердің ішін және аулаларды тазалады, қар мен мұржаларды тазартты, ағаш кесті, жалғыз тұратын қариялармен әңгімелесті. Көмекке мұқтаж 35 зейнеткерге көмек көрсетілді.

«Фарм-Альянс» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырылған «Мейірімділік аумағы» қайырымдылық жобасы барысында 7 мүгедектігі бар адамдарды асыраушы немесе егде жастағы адамдар тұратын отбасыларға жалпы сомасы 78 000 теңгені құрайтын жаялықша жиынтығынан тұратын демеушілік көмек көрсетілді. «Фарм-Альянс» ЖШС тұрақты түрде қайырымдылық көмек көрсету үшін 4 отбасыны өз қамқорлығына алуға шешім қабылдады.

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 27 отбасы «Тегін киім дүкенінен» киім мен аяқ киім алды.

Алдағы екі аптада «Тегін киім дүкені» акциясын жалғастыру, көмекке мұқтаждардың тізімдерін құрастыру және оларға жаңа киім мен аяқ киім жиынтығын, сондай-ақ азық-түлік қораптарын жеткізу жоспарланып отыр.

4. "Ұлағат" Жастар қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Шығыс-Қазақстан облысы.

Қоғамдық бірлестік 20 бейне роликтерді дайындап шығарды. Барлық облыс бойынша оқудан өткен еріктілерге сертификаттарды табыстау рәсімі жүріп жатыр. Мобильді қосымшаға қатысты жұмыстар жалғасып жатыр. Алдағы екі аптада семинарға қатысушылардың сертификаттарын тарату жұмыстары аяқталады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, мобильді қосымшаның дизайнын мақұлдану керек.

"Жоба командасында 5 тұрақты қызметкер бар, сонымен қатар IT-мамандары, төтенше жағдайлар тобымен серіктестікте жұмыс істейтін және еріктілерді оқытатын жаттықтырушылар мен сценарист бар. Жобамызға Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті жан-жақты қолдау көрсетті. Олар чек-парақшаларына енген ақпаратты жинауға, еріктілерді оқыту модулін қурастыруға және оқу процесін ұйымдастыруға атсалысты. Балаларға арналған бейнероликтер дайындадық. Ішінде жер сілкінісі кезінде, найзағай көргенде қандай әрекет ету керектігі туралы және жылан шағып алғанда не істеу керектігі туралы нұсқаулықтар бар." - "Ұлағат"ЖҚБ төрайымы Аяужан Ашимова.

5. "Қызыл жарты ай қоғамы" қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Қарағанды облысы.

Қоғамдық бірлестік рейдтер мен еріктілер дайындаған акциялар арқылы отбасылық қауіпсіздік жоспарларын құру және қауіпсіз өмір туралы білімді арттыру бойынша халықпен жұмыс істеуді жалғастыруда. Қазіргі таңда 121 жоспар құрылды. Төтенше жағдай кезінде қажетті заттарды сөмкеге жинаудың толық нұсқаулығы берілген екі тілде бейнеролик дайындалды.

Көктемгі су тасқыны салдарынан туындайтын төтенше жағдайлар қаупін азайту мақсатында тұрғындармен келесі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр:

- елді мекендерден қарды шығару және ғимараттар мен құрылыстардың, сондай-ақ іргелес аумақтардың шатырларындағы мұзды алып тастау;

- арықтар мен үйлердің жанындағы каналдарды тазарту және дайындау;

- барлық дайындалған еріктілер мектептерде, колледждерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда көктемгі су тасқынынан туындаған ТЖ кезіндегі іс-шаралар туралы түсіндіру шараларына қатысады. Қарағанды ​​қаласының 3 кәсіпорны қамтылды.

- 2021 ж. 4-5 наурыз аралығында «Жергілікті атқарушы органдардың, ҮЕҰ және төтенше жағдайлар кезіндегі наруашылық нысандарының жұмысын үйлестіру» тақырыбында жаттығулар өткізілді.

Қарағанды ​​қаласында 21 ерікті жобаға тартылған, олар 24 үйді қамтиды. Қарағанды ​​облысының Шет ауданында 23 ерікті жобаға тартылған, олар 41 үйді қамтиды. Қарағанды облысының Осакаров ауданында 26 ерікті жобаға тартылған, олар 53 үйді қамтиды. Бұқар жырау ауданында 41 ерікті жобаға тартылған, олар 82 үйді қамтиді.

Еріктілер жастар ресурстық орталықтары мен аудандық ТЖ бөлімдерінің қолдауымен ақпараттық материалдарды тарату және жобаға қатысатын жерлерде қауіпсіз өмір сүру дағдыларын жетілдіруді жалғастыруда. 9 тақырып бойынша екі тілде 1 350 дана ақпараттық парақ таратылды. Сондай-ақ, 3 500 адамға COVID-19 тақырыбында парақшалар таратылды. Төтенше жағдай кезінде қажетті нәрселерді сөмкенің ішіне жинау жайында нұсқаулық берілген екі тілдегі бейне роликтерді әлеуметтік желілерде орналастыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарымен жұмыс жалғасуда. Су тасқынына қарсы профилактикалық іс-шаралар өткізілді, оның барысында еріктілер 18 ауланы тазартты.

Алдағы екі аптада арнайы оқытылған еріктілер командаларының күшімен өткізілетін рейдтер мен түрлі шаралар арқылы отбасылық қауіпсіздік жоспарларын, қауіпсіздік маршруттарын және қауіпсіз өмір сүру туралы білімді арттыру жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда. Сондай-ақ, ақпараттық материалдарды тарату, жобаға тұрғындарды тарту, халық арасынан мобильді командаларды қолдау топтарын құру, су тасқыны салдарынан туындайтын төтенше жағдайлар қаупін азайту мақсатында жүргізілетін шараларға қатысу және қамтылған тұрғындардың жоба туралы пікірін жинау жұмыстары жалғасады.

6. "Қазақстанның медициналық жастары" қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Шымкент қ. және 14 облыс.

«Медициналық еріктілер мектебі» жобасының қатысушылары 17-31 наурыз аралығында қорытынды шараларды өткізді. Бекітілген жоспарға сәйкес 18 наурызда Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде, 25 наурызда Жамбыл жоғары медициналық колледжінде, 29 наурызда Ақтау қаласындағы медициналық колледжінде «Медициналық еріктінің практикасындағы алғашқы медициналық көмек» атты офлайн-тренинг ұйымдастырылды. Жобаға қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Сертификат алған медициналық еріктілер еліміздегі медициналық мекемелерде ерікті түрде көмек көрсетеді.

Офлайн форматта жоба ұйымдастырушылары мен қатысушыларының кездесуі өтті. «Медицина жастары» РҚБ вице-президенттері Тұрсынтай Әлижан Қалиұлы мен Солтанай Жәнібек, бас баспасөз-хатшысы Жәнібекова Ақмеір Абубакірқызы және шақырылған маман Тілеубек Нұридін Талғатұлы ұйымның қызметі, жетістіктері мен жоспарлары туралы презентация жасады.

Іс-шара барысында Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Жамбыл жоғары медициналық колледжі, Ақтау қаласындағы медициналық колледжі және «Еркемед» ЖШС серіктестік туралы меморандумға қол қойылып, алдағы жоспарлар талқыланды.

Жобаға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала отырып, денсаулық сақтау саласында ерікті болуға дайын екендіктерін білдірді.

2021 жылы 24 наурызда Cisco Webex платформасында барлық аймақтардан келген медициналық еріктілерге арналған онлайн-тренинг өтті. Тренинг барысында жоба қатысушыларына әртүрлі жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары үйретілді.

Жобаға қатысушылар аймақтарда орналасқан медициналық мекемелерге белсенді түрде көмек көрсетуде. Медицина қызметкерлер үшін осы қиын кезеңді жеңілдету мақсатында медициналық еріктілер науқастарды күтіп, карантинде жатқан науқастарға дәрі-дәрмектерді жеткізуге көмектесіп жүр.

7. "Антарес А" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Өскемен қ.

«Антарес А» қоғамдық қоры әлеуметтік желілерде жобаның басталуы туралы халықты ақпараттандыру жұмыстарын өткізді. Сондай-ақ, өткен айда көмір сатып алынып, бұрын қамауда болған аз қамтылған 17 азаматқа жеткізілді. Сәуір айына қоғамдық көліктерде (автобуста) жүру үшін 25 билет сатып алынып, олардың екеуі таратылды. Сонымен қатар қор қызметкерлері 50 азық-түлік қораптарын таратты. 40 психологиялық консультациясы өткізілді. Көрпелер мен төсек-орын жабдықтарын сатып алу үшін бағалар қарастырылып жатыр. Жеке қорғаныс құралдарын (маскалар, антисептик) жеткізуге тапсырыс жасалды.

Алдағы екі аптада Алтай қаласында тұратын бұрын қамауда болған аз қамтылған азаматтарына азық-түлік қораптарын жеткізу басталады. Сәуір айына қоғамдық көліктерде (автобуста) жүру үшін билеттер таратылады. Сонымен қатар жеке қорғаныс құралдары беріледі. Бұрын қамауда болғандарға көмір тарату жалғасады. Азық-түлік қораптарымен жеке гигиена құралдарын тарату кезінде психолог консультация беретін болады.

8. "Целина" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Атбасар қ.

«Целина» қоғамдық қорының қызметкерлері жемістер мен көкөністер жеткізушілердің тізімін жасады. Ауа-райы жағдайына және жолдардың жабылуына байланысты азық-түлік жиынтықтарын тарату жоспарланғаннан сәл кешірек басталды. Еріктілер қордың кеңсесінде барлық өнімдерді өлшеп, оларды қораптарға салады. Тасымалдау үшін екі көлік қолданылады. Тасымалдау Атбасар ауданындағы ауылдардан басталды. Өткен айда жоспарланған 200 қарияның 42-не жеміс-көкөніс жиынтығы жеткізілді. Қоғамдық қорға алғыстар мен оң пікірлер келіп жатыр. Сондай-ақ, жоба нәтижелері бойынша есеп ретінде фотоальбом дайындалатын болады.

Алдағы екі аптада волонтерлердің күшімен ата-әжелерге жемістер мен көкөністерді жеткізу үшін жиынтықтарды дайындау жоспарланған.

9. "Жаңғыру" Солтүстік Қазақстан облысының немістер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Петропавл қ.

Солтүстік Қазақстан облысында «Жақсылық кезеңі» жобасын жүзеге асыру барысында қоғамдық бірлестіктің қызметкерлері азық-түлік қораптарын толтыру, гуманитарлық көмек сатып алу және мүқтаж жандардың тізімдерін құру бойынша бірқатар жұмыстарды атқарды. Өткен айда азық-түлік жиынтықтары облыстың аймақтарына жеткізілді (Тимирязев ауданы, Есіл ауданы). Азық-түлік жиынтықтарын алған азаматтардан алғыс сөздер келіп жатыр. Облыстық мектептердің директорлары, әлеуметтік мұғалімдері және әкімдік қызметкерлері қоғамдық бірлестікке үлкен қолдау көрсетті.

"Жобаға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 50-ге жуық еріктілер мен біздің бірлестіктің 20 белсендісі қатысады. Жақын арада біздің ассоциация Солтүстік Қазақстан облысындағы барлық 300 аз қамтылған және күнкөріс деңгейі төмен отбасыларды азық-түлік қораптарымен қамтамасыз етеді деп жоспарлап отырмыз. "Qolda 2.0" шұғыл көмек бағдарламасының арқасында осындай қиын уақытта көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетуге мүмкіндік берілгені үшін алғыс айтамыз." - "Жаңғыру" Солтүстік Қазақстандық немістер қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Римма Лотц.

Алдағы екі аптада қауымдастық Солтүстік Қазақстан облысында тұратын мұқтаж отбасыларға азық-түлік жиынтықтарын тарату жұмыстарын аяқтайды.

10. "Кемпірқосақ" қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Қостанай қ.

Наурыздың екінші жартысында «Кемпірқосақ» қоғамдық бірлестігі азық-түлік жиынтықтарын таратуды бастады. 20.03.2021 «Радуга» ҚБ кеңсесінде «Өзіңіздің психологиялық шекараңызды қалай қорғауға болады?» және 27.03.2021 жылы «Негативті эмоциялар. Адамдарға деген жеккөрушілік» тақырыбында психологиялық тренингтер өтті. Тренингтерге 24 адам қатысты.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына 16 жеке консультациялар өткізілді. 41 азық-түлік жиынтығы жеткізілді. Бұл жоспарланған көлемнің жартысы (барлығы 80 азық-түлік жиынтығы дайындалған).

Өткен айда ата-аналар мен балаларға биоэнергетикалық массаждың 37 сеансы өткізілді. Азық-түлік қораптарын алынған ата-аналар мен балалардан алғыстар келіп жатыр.

19 наурызда «Алау» телеарнасының журналистері қоғамдық бірлестіктің кеңсесіне келіп, арнайы сюжет түсірді. 30 наурыз күні жоба жетекшісі Колоскова Н.Н. «Алау» телеарнасындағы «Разбудильник» таңғы бағдарламасында «Qolda 2.0» шұғыл көмек бағдарламасы туралы сұхбат берді.

Келесі екі аптаға аппараттық массаж сессиялары, тренингтер (әр сенбі сайын), психологтың жеке консультациялары және азық-түліктерді жеткізу жоспарланған. Азық-түлік пакеттерін уақытында және кестеге сәйкес жеткізу үшін жеткізу жылдамдығын екі есеге арттыру көзделіп отыр.

11. "Отбасы орталығы" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Семей қ.

"Отбасы орталығы" қоғамдық қоры "Апрель" сауда орталығынан 760 967 теңгеге азық-түлік жиынтықтарын сатып алды. Жинаққа әлеуметтік маңызы бар тауарлар кірді. 19 наурызда "Семей қаласының білім бөлімі" ММ, "Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" ММ көмегімен азық-түлік пакеттері таратылды.

11 наурызда медициналық көмек көрсететін дәрі-дәрмектерді жеткізушілермен алғашқы медициналық көмек жинағын құру бойынша келіссөздер жүргізілді. , ал ең сенімдісі ретінде

«Аптека 75» ЖШС 423 000 теңге және 166 700 теңгеге дәрі-дәрмектер, қан қысымын өлшейтін және глюкометрлер сатып алынды. Олар қордың кеңсесінде және ШЖҚ "№1 поликлиника", «Победа» медициналық орталығы және Қызыл Жарты Ай мейірбике ауруханасында таратылды.

«Мұздыбай 1» шаруа қожалығымен 30 қап тұқымдық картоп пен көшеттерді жеткізу туралы және «Облыстық балалар биологиялық орталығы» мемлекеттік кәсіпорнымен ауызша келісім жасалды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ұсақ жөндеу жұмыстарын қажет ететін 3 отбасыны таңдады. Отбасылардың бірі өртенген үйде тұрып жатыр. Қалған екеуі ауыр материалдық жағдайдағы және мүгедек балалары бар отбасылар.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан азық-түлік пакеттерін алуға 100 адамның тізімдері, жалғыз тұратын зейнеткерлер мен ең төменгі зейнетақы алатын мүгедектігі бар азаматтардың арасынан алғашқы медициналық көмек қобдишаларын алуға 70 адамның тізімдері дайндалды.

Жақын арада жобаның алғашқы нәтижелері туралы мақалаларды әлеуметтік желілерге жариялау, азық-түлік және медициналық жиынтықтарды, сонымен қатар көшеттер мен тұқымдарды сатып алу жоспарланған.

12. "Сен жалғыз емессің" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Павлодар қ.

Наурыздың бірінші аптасында серіктестермен, Хосписпен және ЖИТС орталығының өкілдерімен кездесулер өткізілді. Осы мекемелердің басшылары жобаның мақсаттары мен міндеттерімен танысып шықты. Ұйымдар пациенттерінің негізгі қажеттіліктері айтты. Нәтижесінде әр мекемеге қажетті тауарлар мен қызметтердің тізімі жасалды.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдар қауымдастығының жетекшілерімен, сондай-ақ ЖИТС-пен ауыратын науқастарды күту мен қолдаумен айналысатын адамдармен кездесулер ұйымдастырылды. Келіссөздер барысында кедейлік пен аштық шегінде тұрған пациенттердің тізімін жасау туралы шешім қабылданды.

Наурыздың екінші аптасы тауар жеткізушілерін таңдауға арналды. Сол мекемелердің басшыларымен және әкімшілерімен телефон арқылы сөйлесулер жүргізілді.

Наурыз айының екінші аптасында Павлодар облысының хосписінде емделіп жатқан 45 паллиативті науқасқа арналған медициналық құрал-жабдықтар (жаялықтар, су ішетін ыдыс) сатып алынды. Төсек тартып жатқан науқастардың бос уақытын жақсарту мақсатында бір теледидар сатып алынды. Ал пациенттерге күтім жасауды жеңілдету үшін қайнаған суға арналған термопоттар сатып алынды. Аурудың соңғы сатысындағы науқастарға қажетті заттарын алу үшін ЖИТС орталығымен кездесу өткізілді. Православ шіркеуі мен мұсылмандар мешітінің діни жетекшілерімен кездесу ұйымдастырылды. Олар жобаға және Павлодар облысында тұратын паллиативті науқастарға қолдау көрсетуге ниет білдірді.

Жақын арада діни көшбасшылармен кездесулер өткізу, тауарлар сатып алу, серіктес ұйымдардың жетекшілерімен кездесулер ұйымдастыру және паллиативті науқастарға көмек пен қолдау көрсету жоспарланып отыр.

Поделиться страницей: