Подпишитесь на наши новости:
Табыс тарихы
другие Табыс тарихы
Ауылдық жерлерде шағын бизнестің дамуы. "Байтақ жер"
Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!
Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы
2 қыркүйек 2019 ж.
Жұмылсақ – жұдырық боламыз!
Барлық бала бірдей емес. Алайда ерекше балалардың ата-аналарының мәселелері бірдей: балалар өседі, оларға мектепке бару керек. Мектептерде арнайы бағдарламалар болмағандықтан, оларды мектепке қабылдамайды. Аутизм, ДЦП, ЗПРР диагнозы бар балаларға қалай білім беруге болады? Оларды дербес әрекет етуге қалай үйретуге болады?
Гүлбарам Ермұханова өзімен мүдделес жандармен аналарға арналған форумда танысты. Өзара тілдесу мен әлемдік тәжірибені зерттеу нәтижесінде олар балаларды оқытудың ең тиімді әдісі инклюзивті білім беру деген шешімге келеді. Осылайша «Венера» инклюзивті шеберханасы – ерекше балалардың аналарының біріккен жобасы пайда болды.
Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды қарапайым балалармен бірге оқыту. Әйелдер инклюзия мен тьюторлықты біріктіруге шешім қабылдайды. Олар достары мен туыстарының отбасыларынан қарапайым балаларды жинап, оларды ерекше балаларға тьютор немесе жетекші етті.
«Гүлбараммен таныспас бұрын біз әртүрлі орталықтарға бардық, дамытушы ойыншықтардың көмегімен үйде айналыстық. Алайда айтарлықтай нәтиже болған жоқ. Балаға қарапайым балалармен тілдесу жетіспеді. Сондықтан бірлескен сабақтарды өткізуге балалардың басын қосу жақсы идея көрінді. Оларды қызықтыру үшін не ойлап таппадық десеңізші! Бүкіл интернетті ақтарып, форумдар мен семинарларға қатыстық, - дейді Имранның анасы Мейрмагүл. – Бастапқыда өте ауыр болды. Балалар агрессия көрсетіп, тыдағылары келмеді, өз айтқандарынан қайтпай тұрып алатын. Алайда тьюторлар – өз қатарындағы қарапайым балалар көмекке келді. Біздің балаларымыз олармен бірге сабақ өтуді және ойнауды қалағандықтан, оларға құлақ асып, әрекеттерін қайталады».
2017 жылдың желтоқсан айынан бастап 7 мен 9 жас аралығындағы мүгедектігі бар төрт бала Гүлбарамның үйінде орналасқан шеберханада жаттығуды бастады. Балалар әліпби жаттады, шығармашылықпен айналысты, серуенге шығып, спортпен шұғылданатын. Бүгінде олар үлкен жетістіктерге жетті. Ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық орындарда өздерін еркін ұстап, қоғамдық көлікпен жүреді. Ал бұрын балалар адам көп шоғырланған орындарға төзе алмай, күйгелектеніп жылайтын еді.
Толыққанды оңалту орталығын ашу үшін Гүлбарам мен оның ниеттестері бірден инвестор іздеуге кіріседі. 2018 жылдың басында олар «Жарқыра» байқауына қатысып грант жеңіп алған болатын. Әкімдіктен тегін ғимарат алады. Еріктілер, жанашырлық жәрдемдеп мен құрылыс материалдары мен қызметтерін жеңілдікпен ұсынған кәсіпкерлердің көмегімен ғимаратты жөндеу жұмыстары аяқталды. Жақын арада «Венера» инклюзивті шеберханасы өз есігін ашады. Мұнда ерекше балаларға дефектолого, логопед, сенсорлық интеграция, психомоторика, инклюзивті спорт және арт-терапия қызметтері көрсетіледі. Болашақта аналар шалғай ауылдардың балалары инклюзия әдісі бойынша оқуға мүмкіндік алулары үшін орталықтың филиалын Атырау облысының аудандарында ашуды жоспарлап отыр.