Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

24 шілде 2024 ж.

Ауылдық жерлерде шағын бизнестің дамуы. "Байтақ жер"

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.

26 ақпан 2015 ж.

Озық технологиялар – балаларға

«Бірге өсеміз!» мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау облысының Құрық ауылындағы «Болашақ» және «Құлыншақ» атты екі балабақшаға 2013-2014 жж. "Step by Step" технологиясы енгізілді.

"Step by Step" озық педагогикалық технологияларды қолданумен баланы дамытудың заманауи теорияларының негізінде мектепке дейінге мекемелерге арналып АҚШ-та әзірленген. "Step by Step" технологиясының мақсаты балаларды заманауи өмірге дайындау, өзгерістерді қабылдап және оларға қатысу, оқуға талпыну, сыни және шығармашылық ойлау қабілеті, мақсаттар қойып, мәселелердің шешімін табу, тәуелсіз және саналы таңдау жасау, өзіне және өзгелерге құрмет көрсету, әлеуметтік нормалар мен мінез-құлық ережелерін дұрыс қабылдау сынды қасиеттері мен қабілеттерін дамыту. Отбасының қатысуы - "Step by Step" технологиясының ажырамас бөлігі.

Бағдарлама серіктесі "Step by Step"  халықаралық ассоциациясының мүшесі, «Степ бай Степ Казахстан» ҚҚ болып табылады. 2013 жылы "Step by Step" технологиясы тренингтер мен кеңес берулер арқылы біртіндеп еніп отырды. Сондай-ақ әр балабақшаға белсенділіктің 5 аймағымен "Step by Step" ортасын құрастыру үшін құрылғылар түріндегі гранттар табысталды. 2014 жылы балабақшалар балалардың орта және үлкен топтарда дамуы мен оқуы үшін технологияны өздігінен қолданды, тәрбиешілер белсенділік аймақтарындағы сабақтар үшін ондаған дамытушы материалдар дайындады.

2014 жылы «Степ бай Степ Казахстан» ҚҚ сарапшылары "Step by Step" топтарын және «Болашақ» и «Құлыншақ» балабақшаларында аталмыш технология бойынша жұмыс істейтін тәрбиешілерді бағалады. Нәтижелер сарапшылардың көңілінен шықты.

Біз "Step by Step" орталықтар мен сыныптарын бүкіл Қазақстан бойынша ашып жатырыз және мен Құрық ауылындағы «Болашақ» және «Құлыншақ» балабақшалары еліміздегі көрсеткішті жобалардың қатарында деп сенімді айта аламын. Әрине, әлі жетілдіретін нәрселеріміз көп, бірақ дегенмен де, тіпті Алматы мен Астанада "Step by Step" технологиясы Құрық ауылындағыдай ендіріліген осындай орталықтар жоқ.  

Сания ТУРЫСБАЕВА, «Степ бай Степ Казахстан» ҚҚ

2014 жылы «Айголек» балабақшасы мен Құрық ауылындағы облыстық мектеп-интернатының жанындағы балабақшада "Step by Step" технологиясының репликациясы басталды. 2015 жылы бағдарламаға екі жаңа балабақша қосылады деп жоспарлануда. Репликация үрдісіне «Болашақ» и «Құлыншақ» балабақшалары белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісуде.

Поделиться страницей: