Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

24 шілде 2024 ж.

Ауылдық жерлерде шағын бизнестің дамуы. "Байтақ жер"

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.

8 тамыз 2016 ж.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министірлігімен есірткіге тәуелді емделушілерді емдеуде аса қарқынды бағыт толықтырушы терапиясы болып танылды

«Метадонды бағдарлама – ауыр психобелсенді заттарға есірткі тәуелділігін төмендетуге бағытталған «залалды төмендететін» бағдарламалардың бірі, ол адамдарды физикалық және психикалық күйін жақсартады, қоғам мен отбасына қайта оралуына көмектеседі, қылмыстық жағдайлардың, ВИЧ және басқа да инфекциялық аурулардың алдын алады.
Біздің міндетіміз – қоғамға бұл бүгінгі таңдағы есірткіге тәуелді адамдарды емдеудегі ең тиімді екендігін, оны кеңінен қолдану керектігін және болашақта да пайдалануды түсіндіру, мемлекеттік бағдарламаға енгізу» - Бахыт Ниязбековна («Аман-саулық» ҚҚ президенті).

Берік (Семей қ.): «Мен нашақор едім. Өмірімде жан  түршігерлік қателікті бастан өткердім. Қиысынсыз. Отбасымызда мен жалғыз бала едім, алайда 1996 жылы есірткіге отырдым.

Әйелім де үйден кетіп қалды. Жұмысымнан да айрылдым. Өткен жылы АТТ бағдарламасынан өтіп жүрген жастарды жолықтырдым. Өзім мамандығым заңгер болғанымен, ос уақытта оны мүлдем ұмытып үлгердім.

Табиғатымнан мен скептикпін, көзіммен көрмейінше, сенбеймін.

Осы жолы айқын нәтижені: жастардың қалай есірткіден құтылғандығын, енді оны қаламайтындығын көрдім.

Осы бағдарламаға баруға шешім қабылдадым. АТТ-да жүргеніме екінші жыл және есірткі де қолданбаймын. Енді осында қатысып отырғандарға метадонды бағдарлама нағыз қатысатын бағдарлама екендігін, онда анық нәтиже бар екендігін айтқым келеді.

Елена (Теміртау қ.): «Менің есірткі қолданғандағы жалпы уақытым 1996 жылдан басталады. Енді міне 20 жыл болды. Мені ата-аналарым бірнеше рет барлық ықтимал тәсілдермен емдеді (наркоорталықтар, клиникалар мен дәстүрлі емес медицина). Тіпті психиатриялық ауруханада болдым, алайда қайтып оралдым, себебі достарым, қарым-қатынас, барлығы тұйық ортаға тартады. 3 рет сотталғанмын. Егер матадонды бағдарлама бізде уақытында болғанында, АИТВ -ке ұрынып, туберкулезге шалдықпаған болар едім. Осыны айту барысында өзім толқу үстіндемін, өзімнің мәртебемді сіздердің барлығыңыздың алдарыңызда бірінші рет жайып салдым.

Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің нарколог дәрігері Елена Ли: «Метадонға алғашқы рет неміс фармацевтері» екінші әлемдік соғыс кезінде қызығушылық танытқан болатын. Бұл анальгетик ретінде медицинада қолданылатын апиын қатарындағы синтетикалық дәрілік препарат. Ол масайрау тудырмайды, дәріні қабылдағаннан кейін ем алушылардың ойлары айқын болады, есірткі қабылдауға ниеті алғашқы реттен-ақ жоғалады. Бізден метадонмен емделу қаншалықты ұзақтығын сұраған уақытта біз оларға өмір бойы денсаулыққа қолдау көрсету үшін, қант диабетімен ауыратындарды мысалға аламыз. Әлемдік тәжірибеде және біздің елімізде де толық сауығу орын алған.»

Актөбе облыстық мәслихаты жергілікті бюджеттен АТТ  қаржыландыру туралы шешім қабылдады. Шымкент, Ақтау және Атырау Облыстық Денсаулық сақтау Басқармасы қоғамдық тыңдаулар өткізу үшін,  үй-жай ұсынды.

ҚР ДӘДМ Республикалық ғылыми-тәжірибелік психиатрия, психотерапия және наркология орталығының директоры -  Бас психиатр және нарколог Алтынбеков А.С. «Қазақстанда АИТВ  алдын алуға арналған ОАТ енгізу» ТБҚБ бағдарламасы аясындағы жұмыстардың маңызды нәтижесі 2017 жылдан бастап, жоба жергілікті бюджеттен қаржыланатындығы болып табылады. Министрлік бұйрығымен толықтырушы қолдау терапиясын ұсыну бекеттері  наркологиялық ұйым құрылымына енгізілді. " Біз толықтырушы терапия сайтын енгізгіміз келеді. 2017 жылдан бастап жергілікті бюджет арқылы толықтырушы терапия сайттары қаржыландырылатын болады. Нашақордың қабылдайтын орташа мөлшері күніне сегіз мың теңгеге дейін болса, ал метадонды күніне 200 теңгеге сатып алуға болады. Ал бұл ауқымды мәселе, мұндай адамдарға көмек беруіміз керек, бізде Қазақстанда осы бағдарламаға қатысатын 200 адам бар", – деп хабарлайды Сағат Алтынбеков.

Поделиться страницей: