Подпишитесь на наши новости:
Табыс тарихы
другие Табыс тарихы
Ауылдық жерлерде шағын бизнестің дамуы. "Байтақ жер"
Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!
Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы
21 желтоқсан 2017 ж.
Пластик қалдықтарының екінші өмірі
Соңғы 100 жылда адамзат ғылым саласында көптеген ашылулар жасады. Технологиялық прогресстің нәтижесінде өмірімізге ыңғайлылық пен жайлылық алып келген жаңа тауарлар мен қызмет түрлеріне ие болдық. Өкінішке орай, үлкен көлемдегі тұтынушылық экологияға зиян тигізуде. Біз үлкен көлемдегі қоқысты өндіреміз: 1 жылдың өзінде бір ғана адам 400 кг.-дай қоқыс тастайды. Қоқыстың 60% жуығы пластик қалдықтары. Ал пластик 100 жылдан аса уақыт ыдырайтын мұнай-химияның өнімі.
Қазақтанда бүгінгі күні қоқыс сақтайтын 4 000 жуық полигондар бар. Оның ең үлкенінің көлемі 220 га., бұл дегеніміз кішігірім Еуропалық мемлекеттің көлемі. Ыдырап, шіріп жатқан осыншалықты қоқысты ашық аспан астында қалдырып, табиғатқа орны толмас залал келтірудеміз.
Жоғарғы сыныптарда және университте «Менің дүниедегі орным қандай?», «Өмірде қандай пайдалы іс жасай аламын» деп ойлана бастадым. Әлемді өзгертетін жаһанды жобаларды армандай жүріп, қазіргі заманның мәселелері туралы біле бастадым. Соның бірі – экологиялық апат. Адамзат өмірін өзгерту мен жақсартуға үлесімді қосуды өзімнің қаламнан, үйімнен, отбасымнан бастауға болатынын түсіндім. Осылайша әлеуметтік жобаларға келдім.
Атырау қаласын жасылдандыруға арналған алғашқы жобам – 11 орталық көшелерде суару жүйесін жабдықтау іске қосылды. Ал қазір пластик ыдыстарын қайта өңдеу жобасын қолыма алдым. Жиналған пластиктің өнімінен жол плиткалары мен жабынқыштар жасайтын боламыз. ОАЕҚ мен Теңізшевройлдың пайызсыз несиесіне пластик қалдықтарын жинауға қолданатын «Газель» автомашинасын сатып алдым. Бұл жұмысымның өнімділігін арттырып, жаңа леппен дамуға мүмкіндік берді. «Жарқыра» бағдарламасының шеіберінде өткен тренингтер бизнес-стратегияны ойластыруға, маркетингті және қаржыларды реттеуге көмектесті. БАҚ мен әлеуметтік желілерде жұмысымызды жариялаудағы көмектің арқасында қала тұрғындары жобамызды таныды.
Осы жазда «Журектен Журекке» қоғамдық ұйымымен бірге халық арасында ағарту жұмысын жүргіздік. Ұйымның еріктілері қоқысты бөлек жинау және қайта өңдеудің пайдасы туралы ақпаратты таратуға көмектесті. Жылдың басынан бері қаланың мектептері мен университеттерінде 100-ден аса іс-шаралар мен акциялар өткізілді. Біздің бастамаға Теңізшевройл, SOS, Rauan Nalko ірі компаниялары, облыстық және қалалық әкімдіктер қолдау көрсетті.
Алғашқы жетістіктеріміз де бар – Атырау көшелерінде пластик қалдығын жинауға арналған контейнерлер орнатылып, 30 тонна пластик жиналды. Бір адамнан басталған компанияда қазір жеті адам жұмыс жасайды. Алдағы мақсатымыз – Атырауда қоқысты қайта өңдейтін зауыт ашу. Қазіргі уақытта зауыттың құрылысы бойынша шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде, Германияда тағылымдама өтуді жоспарлап отырмыз.
Азилхан Байбатыров, әлеуметтік кәсіпкер