Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

24 шілде 2024 ж.

Ауылдық жерлерде шағын бизнестің дамуы. "Байтақ жер"

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.

2 қыркүйек 2019 ж.

Үлкен жеңістер кішкентай қадамдардан басталады

Әнел туылған кезінен бастап БЦП және ЗПР диагнозы бойынша невропотологтың тіркеуінде тұр.

Өзімен қатар балалар 5 жасында мектепке барғанда Әнел әлі үйде отырды және бұл оның ата-анасын қатты алаңдататын еді. Анасы Әнелдің басқа балалармен қатар кәдімгі мектепке баруын, құрдастарымен араласып, қатар дамуын қатты қалады.

«Біз қаламыздағы көптеген жекеменшік оқу орталықтарына барып көрдік, алайда ойдағыдай нәтижеге қол жеткізе алмадық, - дейді Әнелдің анасы. – Әнелде қол қимылында қиындық болғандықтан жазуды үйрену оңайға соққан жоқ». 

2018 жылдың қаңтар айынан бастап Әнел Құлсарыдағы «FasTracKids»  халықаралық балалар академиясына баруды бастайды. Академияның ұстаздары Әнелмен жеке айналысып, бір айдан кейін-ақ ол дұрыс жаза бастады. Бұл Әнелдің өзіне қатты ұнайтын, ол сабаққа қуана-қуана баратын. Ол ашыла түсті, білімқұмар, белсенді болып, ең бастысы оқуға ынтасы пайда болды.

Қызының жасы 7-ге келіп қалғандықтан Әнелдің анасы оны дайындық сыныбын аттап өтіп, жалпы орта мектептің бірінші сыныбына дайындағысы келді.

Жарты жыл бойы үздіксіз оқыту жүргізілді: Әнел әліпби, оқу, жазуды игеруі, сандармен танысып, есептерді шешіп үйренуге тиіс болатын. Кейіннен ол бір айға Астанаға жоспарлы ем қабылдауға кетеді. Шілде мен тамыз айлары Әнел үшін де, академияның ұстаздары үшін де шешуші кезең болатын, себебі бірінші сыныпқа қабылдану-қабылданбауы қыздың дайындық деңгейіне байланысты еді.

Жеңіс көп күттірген жоқ! Сырқатты жеңу, қорқыныштарды жеңу. Әнел мектепке қабылданды!

Бұл Әнелдің ата-анасы мен «FasTracKids» академиясының ұстаздары үшін үлкен қуаныш болды. Олар барлығы бірігіп қойылған міндетті орындады және кішкентай адамға достар табуға, өз қатарынан қалмай білім алуға көмектесті.

Бүгінде Әнел оқып жүр, сыныбында тамаша нәтижелер көрсетіп келеді. Ол бұрынғысынша академияға барып, мектеп пәндеріне қосымша дайындалады, ағылшын тілін үйренуде.

«Махаббат, мейірім мен ықылас үшін үлкен адами рахмет», - дейді Әнелдің анасы.

Құлсарыдағы «FasTracKids»  халықаралық балалар академиясы – балалардың шығармашылық даму Орталығы, мұнда олар тұлғалық және көшбасшылық қасиеттерін шыңдай алады, мектеп бағдарламасымен дайындалып, шет тілдерін үйрену мүмкіндігі бар. Орталықта Монтессори әдісі бойынша сабақтар өткізіледі, логопед маманы мен төменгі сынып оқушыларына арналған ұзартылған күн тобы жұмыс істейді.

Академияның негізін FasTracKids  (тура мағынасында – «алға жылдам қадам басатын балалар») әдістемесі құрайды, ол мектепке дейінгі балаларды жан-жақты дамытудың өзін мойындатқан халықаралық бағдарламасы (әлеуметтік франшиза).

Академияның жоспарында бастауыш мектеп-гимназиясы мен толыққанды Монтессори-орталығын ашу бар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықты ашу көзделіп отыр.  

Поделиться страницей: