Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

24 шілде 2024 ж.

Ауылдық жерлерде шағын бизнестің дамуы. "Байтақ жер"

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.

8 тамыз 2017 ж.

Инсульт – үкім емес

Айтуева Эльвира – Жылыой аудандық емханасының және Құлсарыдағы «Манан» медициналық орталығының невролог-дәрігері, рефлексотерапевті. Эльвира жыл сайын инсультқа шалдыққан адамдар санының өсіп жатқанын түсінгенде медициналық кабинет ашуды ұйғарды.

Ерте оңалту шаралары жүргізілмеген жағдайда инсульт мүгедектілікке алып келуі мүмкін. Құлсарыда осы аурудың алдын алу мен ерте оңалту жүргізетін медициналық орталықтар жоқ. Эльвира – 2016 жылғы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың «Жарқыра» бағдарламасының жеңімпаздарының бірі. Бағдарлама шеіберінде орталығының медбикесімен бірге Астанадағы ҚазМҮББУ біліктілікті арттыру курстарына қатысты. «Жарқыра» бағдарламасынан алған қаражатқа Эльвира оңалтуға және емдік дене шынықтыруға арналған жаттығу құрылғыларын сатып алды.

Эльвираның емделушілерінің бірі – Күлсары қаласының тұрғыны, 1959 жылы туылған Кенжебике Мұхамедалиева. Кенжебике 2011 жылы инсультқа шалдыққанға дейін балабақшада тәрбиеші болып жұмыс жасады. «Мен сасқалақтап қалдым, өмірім аяқталғандай болды. Терең күйзеліске түстім. Өмірдің мәні жоғалып, өзімді дәрменсіз сезіндім: өзіме қызмет көрсете алмадым, өздігіммен тамақтанудан, жүруден қалдым. Үнемі басқа адамдардың мені бағып-күтуін қажет еттім», - деп есіне алады Кенжебике.

Бастапқы уақытта ол жергілікті ауруханада емделді. 2013 жылы Құлсары қаласында «Манан» медициналық орталығы ашылғанда, Кенжебике Эльвирада емделуді бастады. Емге инемен емдеу, массаж, емдік дене шынықтыру және психологиялық емдеу кірді. «Бірінші курстан кейін-ақ жағдайым жақсарып қалды. Аяқтарымның парезі сақталғанымен, сауығуға үмітім пайда болды. Қазіргі уақытқа дейін 4 оңалту курсын алып, сауығып бара жатырмын: таяққа таянып жүремін, өз бетіммен әрекет етемін, ешкімге салмақ салмаймын. Осындай қиын дертке шалдыққандарға айтқым келеді: инсульт – үкім емес және инсульттан кейін өмір жалғасады».

Кенжебикенің айтуынша, Эльвира жақсы дәрігер ғана емес, мейірімді және ықыласты адам. Ол Эльвираға қоғам үшін пайдалы жобаны іске асыруға көмектесіп жүргендерге ризашылығын білдіреді. Емдік дене шынықтыруға арналған жаңа жабдықтар өзіне және басқа де емделушілерге денсаулықтарын жақсартуға көмектеседі деп үміттенеді. 

Поделиться страницей: