Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

24 шілде 2024 ж.

Ауылдық жерлерде шағын бизнестің дамуы. "Байтақ жер"

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.

24 тамыз 2017 ж.

Арнайы әлеуметтік қызметтерді интеграциялау: жүйені өзгерту бір адамның өмірін өзгертуден басталады

С. (Алматы қ.): "Мен 1987 жылы сәуір айында дүниеге келдім. Туыстарымның айтуынша, анам ол кезде жас әрі тұрмыс құрмаған екен, мен оның алғашқы перзентімін. Туылған соң анам мені өзінің қарт ата-анасына тастап кетті. Олар егде жаста еді, жиі ауыратын, маған дұрыс күтім көрсете алмайтын. Сондықтан 8 айлық нәрестесін анам бөбектер үйіне өткізіп жібереді. Содан кейін мен оны көрмедім, ал әкемді мүлде танымаймын, сондықтан да өзімді тұл жетім санаймын. 18 жасқа толған соң мені балалар үйінің санатынан шығарып жіберді, табылған орынды мекендедім. 2015 жылы өзімнің АҚТҚ мен туберкулезге шалдыққанымды білдім. Емдеу курсынан өтіп жүріп бір жарым жыл өмірімді тубдиспансерлерде өткіздім".

Растокина Елена (Алматы қ. шығармашылық топ үйлестірушісі): "Қажеттіліктерді бағалау кезінде С. өте ауыр қаржылай жағдайда болды, оның тіпті жол ақысы болмады. Сондай-ақ ол өте агрессивті, тұйық болатын. Қиындықтарға қарамастан біз бұл жағдайды "талдамаға" алдық. Ағымдағы жылдың қаңтар айында С. үшін ДЕСК-тен өтуді ұйымдастыра алдық, нәтижесінде С. екінші топтағы мүгедектікті рәсімдеуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар С. жұмыспен қамту орталығына есепке тұрды. Келешекте көрінген жерді мекен етпес үшін, жеңілдікпен баспана алуға кезекке тұруға көмектестік.

АҚТҚ-ға шалдыққан адамның өзін-өзі қабылдауы өте қиын, дегенмен біз өзін-өзі қабылдау мен өзін-өзі стигматизациялаудан аластату үшін күнделікті сұхбаттар мен психологиялық кеңестер жүргіздік, ол арқылы С. диагнозына бойұсынып, әрі қарайғы өмірге сенімі пайда болды. Бүгінде С. айналасындағы жандарға мейірімдірек, ақ пейілді бола түскенін байқаймыз. Оның өмірінде барлығы оң боларына үмітіміз зор."

Өкінішке орай, С-ның жағдайы жалғыз ғана емес, мұндай адамдар арамызда жүр және кейде біз оларды елеместен өтіп кете барамыз. Ал бұл сәтте адамдар нақтылы көмекпен қатар, өзіне-өзі қалай көмектесе алатындығы жайлы қажетті ақпаратқа зәру болуы мүмкін. Қиын өмірлік жағдайларды шешудің амалдарын өзгерту - мейлі ол АҚТҚ диагнозымен науқас болсын, мейлі мүмкіндігі шектеулі жан не жетім болсын - қиын жағдайда қалған адамның ерікті немесе еріксіз қиындықтарды еңсере алатындығын, олардың да қалыпты өмір сүре алатындығын (сүйіп, қуанып, сеніп, балаларын тәрбиелеп, тілдесуден ләззат алып) сезінуіне мүмкіндік береді.

"ЗУБР" ӘКҚ-ның  АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен, Орталық Азияның Еуразия Қорының (ОАЕҚ) "Тиімді басқаруды қолдау бастамасы" бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан "Интеграцияланған арнайы әлеуметтік қызметтер моделі - тәжірибені мультипликациялау" жобасы адамдар өз өмірлерін өзгертуге шынашақтай болса да мүмкіндік береді. Әр түрлі салалардың (әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдары) мамандарынан құрылған ведомствоаралық комиссиялар С. іспеттес жағдайларды анықтап, қалыптасқан қиын өмірлік жағдайдан шығу жолын табуға көмектеседі.

"ЗУБР" ӘКҚ жобасы (Өскемен қ.) нақты бір адамның/отбасының жағдайы және көмек, қызмет көрсету мәселесінің айналасында әр түрлі сала мамандарының басын біріктіру арқылы арнайы әлеуметтік қызметтерді интеграциялауға бағытталған. Жоба аясында 130 адам нақтылы көмекке ие болды.

Поделиться страницей: