Подпишитесь на наши новости:
Табыс тарихы
другие Табыс тарихы
Ауылдық жерлерде шағын бизнестің дамуы. "Байтақ жер"
Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!
Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы
8 тамыз 2017 ж.
Қарапайым халыққа арналған интернет мамандықтар
Ақпараттық технологиялардың дамуы қоғамдық қатынастарға, әлеуметтік институтттарға, әр адамның өмір салтына елеулі ықпал етуде. Бүгінгі күнде өмірімізді информациялық технологияларсыз, әсіресе интернетсіз елестету мүмкін емес. Интернет арқылы адамдар ақпарат іздейді, ескі және жаңа достарын табады, білім алады, тіпті ақша да табады. Интернетте жұмыс жасау дегеніміз – күмәнді онлайн казинолар немесе букмекерлік ойындар емес. Бұл кез-келген қызмет түрі сияқты белгілі бір білімді және дағдыларды талап етеді.
Атырау қаласының тұрғыны Дамира Темірханова негізгі уақытын балалардың милық салдануы диагнозы (ДЦП) қойылған баласына бөлуге тиіс болғандықтан, интернет арқылы жұмыс жасаудың жолдарын іздей бастады. Интернет арқылы ресейлік сақтандыру компаниясының қоңыраулар орталығының менеджері жұмысын табады. Содан бастап Дамира тек интернет арқылы жұмыс жасап, көп уақытын жанұясымен өткізеді.
Осыған дейін Дамира авиа қызметтер саласында өз ісін жүргізген. Осы қызметті жарнамалау кезінде, Дамира қалада жұмыссыздар мен қосымша қаржы табуды қалайтындар көп бола тұра, интернет-мамандардың жетіспеушілігін байқағанын айтады.
Дамира Лидогенерация академиясында таргетолог және «WebPromo» академиясында SMM маманның онлайн-курстарында оқыды.
«Мен жұмысқа күніне 3-4 сағат уақыт бөліп, ақша тауып жүрдім. Осының мүмкін екендігін түсіндім. Әлеуметтік желілердегі топтар арқылы өзім сияқты аналарды да интернетте жұмыс жасауға үйреткім келді. Мен оларға кеңес беріп, онлайн-курстар туралы айтып жүрдім. Бірақ арнайы курсттар ұйымдастыру тиімдірек болатын еді. Атырауда мұндай курстар жоқ, бірақ интернет-мамандарға үлкен сұраныс бар. Осылайша өз курстарымды ашуды шешіп, қаржы іздеп жүрдім. Сол уақытта анаман «Жарқыра» бағдарламасы туралы естіп, соған қатысуды ұйғардым», - дейді Дамира.
Дамираның «Интернет мамандардың академиясы» жобасы «Жарқыра» әлеуметтік бизнес-идеялар байқауының финалына өтті. Басқа қатысушылармен қатар, Дамира тренингтерден өтті, бизнес-жоспар жасауда кеңестер алды. 3,5 млн. теңгелік қаржылық көмек сомасына Дамира ресейлік белгілі қашықтықтан жұмыс жасау мектебінің франшизасын сатып алды. Дамираның орталығында 5 адам жұмыс жасайды. Олардың бәрін франшизаның бағдарламасы бойынша оқытылуда.
Қазіргі уақытта, Дамираның орталығында халықтың әлеуметтік қорғалмаған табынан 4 қыз білім алуда. Қыздар оқуға күш салып, келесі мамандықтарды игеруде: графикалық дизайн, SMM, копирайтинг, видеороликтер жасау және видеомонтаж. Мектеп 11 мамандық бойынша курстар өткізуге дайын. Дамира және оның серіктесі осы мамандықтар бойынша барлық дағдыларға ие. Бұл оларға сабақтарды жүргізуге және тапсырмаларды тексеруге мүмкіндік береді. Ақпан айынан бастап олар оқушылардың бірінші тобымен жұмыс жасауды бастайды. Топтарды көбірек жинаған сайын, әлеуметтік қорғалмаған таптағы адамдарға тегін сабақ жүргізу мүмкіндіктері де артады.
Тыңдаушыларды жинау үшін «Жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту бөлімімен қызметтесуді жоспарлады. Сонымен бірге, жоспарында басқа білім беру орталықтарымен серіктестік бағдарламаларын жасау, қысқартылған қызметкерлерді оқыту және жұмысқа орналастыру бойынша ірі компаниялармен қызметтесу бар.
«Бұл Атыраудағы осындай алғашқы мектеп. Адамдар осы мамандықтардың қажеттілігі мен маңыздылығын түсінуде. Өз қызметкерлерін оқытуға мүдделі фирмалар мен компаниялар келіп жатыр. Графикалық дизайн, SMM және сату жөніндегі менеджерлер курстары үлкен сұраныста», - дейді Дамира.
Дамира мен оның командасын алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Қазір франшиза бойынша оқыту аяқталуда. Содан кейін олар «Жарқыра» бағдарламасының қолдауымен «Бизнес молодость» мектебінің «Интернетте бизнесті алға жылжыту» онлайн-курстарын өтеді. Дамираның қашықтықтан интернет арқылы жұмыс жасаудың шетелдік тәжірибесін зерттеп, өз мектебіне енгізу жоспары бар.