Подпишитесь на наши новости:
Табыс тарихы
другие Табыс тарихы
Ауылдық жерлерде шағын бизнестің дамуы. "Байтақ жер"
Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!
Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы
8 тамыз 2016 ж.
Алматы қаласының әкімі мүгедектерге қолдау көрсетті!
«Мүгедектік – бұл үкім емес. Біздің арамызда қосымша ақша табуға мәжбүр мүгедектігі бар азаматтар жетерлік, себебі мүгедектік жөніндегі жәрдемақыға өмір сүру өте күрделі» - Вера Королева.
Алматы қаласы бойынша I және II топтағы мүгедектерге арналған көлік қызметіне төлемді болдырмау олардың мүгедетік жөніндегі жәрдемақысының төрттен бірін сақтады.
Вера Королева: «Оңай» бірегей төлем картасының» пайда болуымен көптеген мүгедектердің қаржылық жағдайы төмендеді. Қоғамдық көлікпен жүру үшін ай сайын шамамен 6 мың теңгені, ал бұл жылына 72 мың теңгені құрады. Егер бұған азық-түлік коммуналды қызметтер төлемдері, дәрі-дәрмек, киімге жұмсалатын шығынды қосатын болсақ, мүгедектік жөніндегі жәрдемақыға өмір сүру өте қиын.
Алматы қаласының мүгедектерінің қоғамдық көлікке белгіленген жеңілдік беру мәселесі жөніндегі мүддесін «Намыс» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Алматы қаласы әкімінің мүгедектер құқығын қорғау және өмірінің сапасын жақсартуды қамтамасыз ету жөніндегі кеңесшісі және Білім және ғылым министрлігінің кеңесшісі - Қайрат Иманғалиев.
Бүгінгі таңда қоғамдық көлікте қала бойынша ақысыз жүру мәселесі толық шешілді.
2016 жылдың 1 наурызынан бастап Алматы қаласындағы І және ІІ топтағы мүгедектер, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі, наша көретін 4,5 мың бала және ҰОС мүгедегі мен қатысушысына теңестірілген 12 мың тұлғаның қала бойынша қоғамдық мүлікте ақысыз жүруіне мүмкіндігі бар. Көлік компанияларына жұмсалатын шығындар қалалық бюджеттен өтеледі. Осыған біз шексіз қуаныштымыз!».
Соңғы деректер бойынша Алматы қаласындағы І және ІІ топ мүгедектерінің саны 16 230 адам. І топ бойынша мүгедектік жөніндегі жәрдемақы 43 850 теңгені құрайды, II топ мүгедектері 36 319 теңге алады. «ИПЭУ» USAID бағдарламасы аясында Қазақстанда «Намыс» МҚБ «Мүгедектер арасынан мемлекеттік басқарудың тиімді механизмі ретінде Кеңесшілер Институтын дамыту» жобасын жүзеге асыруда.
Жобаның мақсаты: барлық деңгейдегі әкімдер мен министрлер жанындағы мүгедектер ішінен Кеңесшілер Институтын дамытуға жағдай жасау. Сонымен қатар атаулы жобаның сәтті нәтижелерінің бірі әкімдер мен министрлер жанындағы мүгедектер ішінен 36 кеңесші оқыту, 2016 жылдың 30 маусымындағы ҚР Үкіметі ішінен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Үйлестіру кеңесіне бекітілген «Әкімдер мен министрлер жанындағы мүгедектер ішінен кеңесшілер туралы ереже» «Намыс» МҚБ әзірлемесі болды.