Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

24 шілде 2024 ж.

Ауылдық жерлерде шағын бизнестің дамуы. "Байтақ жер"

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.

23 қаңтар 2017 ж.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға арналған Мектеп: "Сен жалғыз емессің"

ЖИТС орталығының науқастары Науқастар одағының адвокациялық қызметіне қатыса алады. Орталық Азияның Еуразия Қорының "Тиімді басқаруды қолдау бастамасы" жобасының арқасында АИТВ-ның алдын-алу және емдеу бойынша бағдарламаларды дайындауға ЖИТС орталығы науқастарының қатысуы жандана түсті.

Надежда 2014 жылы павлодарлық ЖИТС орталығының науқасы атанды. Есепке тұрған сәттен бастап ол емханалардағы стигмаға тап болды. Дәрігерлер мен медбикелер құпиялылық пен дәрігерлік әдепке қарамастан ашықтан-ашық кемсітушілік көрсетті. Емханада оның медициналық картасы қызыл маркермен белгіленіп қойылды. Надежданың бойында стигматизм дамып, ол емхана мен ЖИТС орталығына баруды тоқтатқан болатын.

Надежда: "Біраз уақыт өткен соң маған ЖИТС орталығынан хабарласып, диспансерлік тексеруге шақырды. Орталықтан шыққан тұста маған "Сен жалғыз емессің" Қоғамдық қорының қызметкерлері жолықты. Олар жоба туралы ақпарат берді де, "АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтары" семинарына шақырды. Лекциядан соң мен заңгердің кеңесіне жүгіндім. Ол маған өз құқықтарым мен мәселелерді шешу жолдарын айқындап берді. Қоғамда АИТВ мәртебесімен еш кедергісіз өмір сүру үшін өз құқықтарың мен оларды қорғау жолдарын білу маңызды екен. Менің өзіме деген сенімділігім артты."

Бұрын өзіне әрдайым қырын қарап жүрген емханаға тағы барғанда Надежда дәрігерге АИТВ індетімен ауыратын науқастың мәртебесін жарияламау және адам құқықтарына қысым жасамау жөніндегі  ҚР ҚК 321 бабын есіне салады. Дегенмен дәрігер оны басқа маманға бағыттайды. Сол кезде Надежда дәрігердің медициналық қызметтен бас тартуын жазбаша түрде растауын сұраған. Тек осы әрекеттен соң ғана дәрігер өз құзыретін дұрыс пайдаланбағандығын мойындап, медициналық қызметкерлердің Надеждаға көзқарастары оң жағына ойысты.

"АИТВ-мен ауыратын адамдарға арналған жазғы және қысқы мектептерге қатысқан соң мен өзімнің жалғыз еместігімді түсіндім. Сендер болмасаңдар, қазір менің бұл өмірде болмауым да мүмкін еді. Ұзақ уақыт жалғыздықтан кейін маған сендердің жобаларыңа қатысу, өзімнің психологиялық жағдайымды жақсарту, өзімді қауымдастықтың бір бөлшегі сезіну бақыты бұйырды әрі АИТВ-ға шалдыққан адамдардың ЖИТС-ке қарсы күреске қатысуы белсенді және ашық түрде болуы қажеттігін түсіндім. Мені науқастар Кеңесінің жұмысына қатыстырады және сол арқылы бұл инфекциямен күреске өз үлесімді қосамын деп үміттенемін," - деп Надежда өзінің оптимистік көзқарасын білдірді.

"Сен жалғыз емессің" Қоғамдық қорының командасы өткен жылы АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға арнап жазғы және қысқы лагерлер сериясын өткізді. Лагердің жұмысына наркологиялық орталықтың, инфекциялық аурухананың, ЖИТС орталығының, туберкулез диспансерінің, денсаулық сақтау департаментінің дәрігерлері және ЖИТС орталығының науқастары қатысты.  

"Жобаның арқасында Надя сияқты адамдардың қатары 45 адамға толықты. Науқастар өз құқықтарын сауатты қорғай алады, 141-нің психологиялық жағдайы жақсарды, алға ұмтылу мен АИТВ бағдарламаларына қатысуға және Павлодар қаласының ЖАА қауымдастығының бөлшегі атануға негіз пайда болды", - деп жоба жетекшісі Александр Пак өз пікірін білдірді.

АИТВ-мен ауыратын адамдарға арналған мектептерді ұйымдастыру ЮСАИД және Орталық Азияның Еуразия Қорының (ОАЕҚ) "Тиімді басқаруды қолдау бастамасы" жобасы арқылы мүмкін болды. ОАЕҚ Қазақстандағы және Тәжікстандағы азаматтық қоғам ұйымдарына қоғамдық саясат және заңнама салаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында гранттар тағайындайды. 

Поделиться страницей: