Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

24 шілде 2024 ж.

Ауылдық жерлерде шағын бизнестің дамуы. "Байтақ жер"

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.

14 наурыз 2016 ж.

ERSAI Caspian Contractor LLC компаниясының қолдауымен Құрық ауылының балабақшаларына үздік және әлемдік мойындалған оқыту әдістері енгізілген

“Мен осыған дейін де Монтессори тренингтеріне қатысқан болатынмын, бірақ олар тек теориялық жағын қамтып, тәжірибелік жағы ескерілмеген болатын. Мен ол тренингтер аяқталғаннан кейін Монтесоори бойынша жұмыс істеуге дайын болмадым. «Бірге өсеміз!» жобасы менің ойымды өзгертіп, шабыттануыма себеп болды. Мен қайта оқып, дағдыларымды дамытуға, басқалармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алдым. Алдыңғы қатарлы Монтессори орталықтарына барып, олардың сабақтарына қатыстым.

Біздің балабақшамызда Монтессори сабақтары 2015 жылы сәуірде басталған болатын. Ата-аналар тарапынан да оң көзқарасқа ие...Балалар болса Монтессори сабақтарына қатысып жүргендеріне риза, сабырлы, белсенді.

Мотессоримен бойынша сабақ берген сайын, бұл әдісті ұнатып келемін, тұла бойымнан өткізіп, қыр-сырын түсініп келемін. Бүгін мен дәстүрлі оқыту әдісіне оралғым келмеймін деп сеніммен айта аламын, Монтессори менің өмір салтыма айналды." 

Жадырасын Джумагазиева,«Айгөлек» балабақшасы

2013 жылы Маңғыстау облысының Құрық ауылында мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыру үшін «Бірге өсеміз!» жобасы аясында балабақшылардың әкімшілік басқармасы мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру, ата-аналармен байланыс орнату, оқу үдерісіне әрбір бала белсенді болатындай заманауи оқыту әдістерін енгізу қолға алынды.

 

«Айгөлек» балабақшасы жобаға 2014 жылы қосылды. Жадырасын Джумагазиева Монтессори бағдарламасын оқуға ниет білдірген алғашқы мұғалім болды. Жадырасын Монтессори  әдісінің негізгі қағидаларымен танысып, бастапқы және күрделі сатыларына негізделген 4 тренингке қатысты.  Жадырасын Қазақстанның ең үздік деген және тарихы мол Монтессори орталықтарына барып, Монтессори әдісімен жақынырақ танысты. Монтессори әдісінің білікті мамандары Жадырасынға арнайы Монтессори сыныптарын жабдықтауға көмектесті, Монтессори орталығының білікті мамандары үздіксіз бақылау жүргізіп отырды, арнайы ашық сабақтарға қатысып, Монтессори әдісін қолданудағы қателіктерін түзетіп отырды.

Жадырасын Монтессори оқыту әдісін толығымен меңгерген, аталмыш әдісті кеңінен қолдана бастаған, өзін осы игі істің ажырамас бөлігі санайтын бірден бір жан.  Бүнгі күні Жадырасын Құрық ауылындағы және осы аймақтағы ең үздік, тәжірибелі маман болып табылады. Монтессори орталығының сарапшылары Жадырасын жобаға қатысқан 4 балабақша мұғалімдерінің ішіндегі «Ең үздік Монтессори мұғалім» деп таныды.   Басқа балабақшадағы әріптестері Монтессори сыныптарында туындаған мәселелер бойынша оның ойын сұрап, ақыл-кеңес сұрап отырады. Сондай-ақ, Жадырасын басқа балабақша мұғалімдерін өз Монтессори сыныптарына шақырып, ашық сабақтар өткізіп тұрады.

Монтессори сабақтары мемлекеттік дәстүрлі сабақтарына қосымша (Степ бай Степ бағдарламасына бейімделген) жүргізіліп отырады. Бүгін «Айгөлек» балабақшасында Монтессори сыныптарында  30-ға жуық бала оқытылады.  Ата-аналар да Жадырасынға өз алғыстарын білдіріп жатады. Монтессори орталығының мамандары жүргізген бақылау келесідей нәтижелер берді: балалар қателесуге қорықпайды, ізденгіш, оқуға деген ынталары жоғары, өз еркімен таңдау жасай алады, басқа балалардың тапсырмасына араласпайды, шыдамдылықтары артқан, өз ойларын жинақтап, жеткізе біледі, өздерін жаңа бір нәрседе сынап көруге бейім, ережелерді қабылдап, оларды сақтайды. 

 

Поделиться страницей: