Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Бос орындар

Жоба жөніндегі ассистент

«Орталық Азияның Еуразия Қоры» КҚ «Қоғамдық кеңістіктер» жобасы бойынша ассистент қызметіне байқау жариялайды. Жоба 2020 жылы Атырау облысында жүзеге асырылады.

«Қоғамдық кеңістіктер» жобасы Атырау облысы Жылыой ауданының жергілікті тұрғындарын әлеуметтік жобаларға тарту арқылы олардың өз қауымдастықтарындағы өмір сапасын жақсартуға жауапкершіліктерін арттыру мен әлеуетін көтеруге бағытталған.

 

Ассистенттің міндеттері:

  • Жобаның құжаттамасын жүргізу;
  • Жобаны әкімшілік қолдау (телефон қоңыраулары, поштамен жұмыс; іскерлік кездесулер, семинарлар, тренингтерді ұйымдастыру, жобаның дерекқорын жүргізу; іскерлік хат алмасулар; жоба бойынша іс-шаралардың логистикасы);
  • Пресс-релиздер мен жетістік тарихын дайындау;
  • Жоба құжаттарын қазақ тіліне аудару;
  • Іс-сапарларға шығу мүмкіндігі;
  • Жоба менеджеріне басқа да қажетті көмек көрсету.

 

Қойылатын талаптар:  

  • Бакалавр немесе Магистр дәрежесі (келесі салаларды – әлеуметтік, халықаралық қатынастар, қоғаммен байланыс);
  • Еңбекке қабілеттілігінің жоғары болуы;
  • Жауапкершілік;
  • Жылдам үйрену қабілетінің болуы;
  • Бастамашылдық;
  • Командада және жеке жұмыс істеу қабілеті;
  • Коммуникациялық және тұлғааралық қатынас дағдылары;
  • Қазақ және орыс тілін жетік меңгеру (ағылшын тілін білуі құпталады);
  • Қазақстан Республикасы азаматтығы;
  • Икемділік;
  • Стрестік жағдайларда жұмыс істеу қабілеті;
  • Ұқыптылық;
  • Қажет болғанда өз бетінше шешім қабылдай алу;
  • Жоғары компьютерлік дағдылар;
  • Әлеуметтік желілерде жақсы жұмыс істей алу қабілеті.

 

Шарттар:

  • Лайықты еңбекақы
  • Аптасына 5 жұмыс күні
  • Әлеуметтік қолдау

ОАЕҚ туралы толығырақ  ақпаратты www.ef-ca.kz  сайтынан алуға болады.

Резюме мен ілеспе хатты 2020 жылдың 1 ақпанына дейін alma@ef-ca.org мекен-жайына жіберу қажет.

Поделиться страницей:

Поиск по проектам