Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Бос орындар

Даму мен зерттеу бөлімінің тағылымгері

Лауазым: Даму бөлімінің тағылымгері, Орталық Азияның Еуразия Қоры, Алматы қ.

Тағылымдама мерзімі: жазда (маусым-тамыз аралығы) немесе тұрақты негізде

ОАЕҚ тағылымдамасы төмендегідей мүмкіндіктер ұсынады:

  • Посткеңестік Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуы саласында, әсіресе ҮЕҰ рөлі туралы білім алу;
  • Азаматтық қоғамды дамыту саласындағы бағдарламаларды басқару саласында тәжірибе алу; 
  • Алматыдағы компаниялар, қайырымдылық қорлар мен басқа да ҮЕҰ-мен жиналыстарға, форумдарға және басқа да шараларға қатысу арқылы өз кәсіби байланыстарыңды өсіру;
  • ОАЕҚ жаңа жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу кезіндегі ми шабуылдарына қатысу;
  • Жаңа бағдарламалық бағыттар, серіктестік және фандрейзингтің жаңа мүмкіндіктері бойынша зерттеулер жүргізу;
  • ОАЕҚ туралы PR-материалдарды әзірлеу мен тарату және ОАЕҚ әлеуметтік желілерде қолдау.

Қысқаша сипаттамаТағылымгер фандрайзинг, зерттеулер, жобаларды мониторингілеу және бағалаумен айналысатын ОАЕҚ даму мен зерттеу бөлімінің жұмысына көмектеседі. Сонымен қатар, үміткер ОАЕҚ бағдарламалар бөлімінің жұмысына тура араласып, жобаларын жүзеге асыруға көмекесе алады, соның ішінде логистика, аударма жасау бойынша. Тағылымдамадан өтушілер қызметкерлер жиналыстарына, тренингтерге және басқа да шараларға қатыса алады.

Талап: Ағылшын тілін білу, коммуникативтік, сараптама, зерттеулер бойынша, жазу бойынша жақсы қабілеті болуы.

Өтініш бойынша нұсқаулық: Егер сіз біздің командаға қосылғыңыз келсе, өзіңіздің CV, хат және жазбаша жұмысыңыздың нұсқасын (5 беттен көп емес) paul@ef-ca.org емайлына жіберіңіз.

Поделиться страницей:

Поиск по проектам