Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Азаматтарды тарту және тиімді басқару

Карта деятельности Фонда

Новости проекта

«Тенгизшевройл» ЖШС қаржылай қолдауымен жүзеге асатын «Өрлеу» қоғамды қатыстыру бағдарламасы

Дата начала: 01.01.14 Дата завершения: 31.12.15

Общая информация о проекте


Жобаның негіздемесі:

Құлсары және Атырау облысында жүргізілген зерттеулер қоғамның негізгі әлеуметтік мәселелерінің бірі демалыс және бос уақытын өткізетін орындардың болмауы немесе олардың нашар жағдайы екенін көрсетті.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, сапалы, жақсы құрастырылған және таза күтімге ие қоғамдық орындар жеке тұлғалардың психикалық және физикалық әл-ауқатын сезінуге, қоғамда позитивті әлеуметтік, экономикалық және экологиялық құндылықтардың құрылуына ықпал етеді. Көп жағдайда, күтімі жоқ қоғамдық орындар өзінің тұрғылықты жері туралы жағымсыз әсер қалдырады, соның әсерінен қауымдастықтың қоғамдық орындарды қолдау мен қалпына келтіруге қатысуының төмен деңгейін көрсетеді.

«Өрлеу» жергілікті қауымдастықты қатыстыру бағдарламасы Құлсары қ. қолданысқа ие қоғамдық орындарды жақсартуға жергілікті тұрғындардың белсенді қатысуына ықпал етеді. Жергілікті тұрғындар жоспарлау, саябақтар және басқа да қоғамдық нысандарды, сондай-ақ жергілікті тұрғын үй қорын басқару және техникалық қызмет көрсетуге белсенді қатысу үшін қажетті құралдар мен механизмдермен қамтамасыз етіледі. Екі жылдық бағдарлама 2013 жылы жүзеге асқан, жергілікті тұрғындардың Құлсары мен Атырауды көркейтуге қатысуын дамытуға ықпал еткен, ОАЕҚ-ның «Қоғамдық демалыс орындары» жобасының тәжірибесі негізінде құрастырылған.


Жобаның мақсаты:

Құлсары қаласындағы қоғамдық орындарды пайдалану тұрақтылығына болысу.


Жобаның міндеттері:

  • Атырау облысындағы қоғамдық орындарды жақсарту мен басқаруға тұрғындарды қатыстыру деңгейін арттыру. 
  • Қоғамдық орындарды тұрғындардың қажеттіліктеріне сай болатындай дамыту.

Жобаның күтілетін нәтижелері:

Орта мерзімді:

  • Құлсары қаласындағы қоғамдық орындарды пайдаланумен байланысты қолдану, қажеттіліктер мен күтімдер туралы деректердің жаңа көлемі.
  • Тұрғын үй қоры мен саябақтарды басқарудағы өзін-өзі басқарудың принциптері мен тәжірибесіне қатысты жергілікті тұрғындардың хабардарлығын арттыру.
  • Қоғамдық орындарды басқаруда қауымдастықтың мүдделі тараптарының белсенді қатысу тетіктерін нығайту.
  • Өзін-өзі басқару мен  тұрғылықты жерді көркейту тәжірибесі бойынша жаңа білімдер мен қабілеттерді қолдануда белсенді азаматтардың әлеуетін арттыру.
  • Пәтер тұрғындарының ортақ мүдделері, олардың құқықтарын қорғауды басқару, көршілердің және тұрғын үй қорының қажеттіліктеріне мониторинг жүргізуде жергілікті көшбасшылардың әлеуетін нығайту.
  • Интерактивті эко-сабақтарды жүргізу үшін оқытушылар мен оқушырдың қоғамдық саябақтарды көбірек пайдалануы.

Ұзақ мерзімді:

  • Жастар арасындағы жергілікті саябақ аудандарына деген жауапкершілігінің артуы.
  • Жергілікті саябақтар мен қоғамдық орындар көбірек тартымды, экологиялық таза болып, жергілікті тұрғындар қажеттіліктеріне жауап беретін инфрақұрылымды қамтамасыз етеді.
  • Қауымдастық мүшелерінің қоғамдық саябақтарды кеңінен қолдануы.
  • Тұрғындары тиімді бастамашыл топтар біріктіру арқылы жалпы өмір сүру жағдайларын тиімді басқарып, жақсартады. 
  • Жергілікті билік бастамашыл топтармен ақпаратты тарату мен жергілікті үйлердің жағдайының мониторингісін жүргізу бойынша тиімді жұмыс істейді.
  • Жергілікті тұрғындардың тұрғын үйді қолдаудың аймақтық және мемлекеттік бағдарламаларына қатысуына мүмкіндігі артады.

География проекта

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы


Доноры и партнеры проекта


Ресурсы и файлы проекта

Поиск по проектам






с по



Другие проекты этого направления

ҮЕҰ-дар мектебі

«Орталық Азияның Еуразия қоры» КҚ «Теңізшевройл» ЖШС қаржылық қолдауымен Атырау қаласы мен Жылыой ауданындағы КЕҰ арналған Алғыр» бағдарламасын жалғастыруда.

Подробнее

Маңғыстау облысында қауымдастықты жұмылдыру бойынша "Қоғамдық кеңістіктер" жобасы

Орталық Азияның Еуразия Қоры «Теңізшевройл» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен қоғамдық орындарды дамытуда қауымдастықтың қатысуын қолдауға арналған «Қоғамдық кеңістіктер» бағдарламасы бойынша жұмысын бастайды.

Подробнее

ҮЕҰ Сараптама Орталығының орнықтылығы жөніндегі бастама

«ҮЕҰ Сараптама Орталығының орнықтылығы жөніндегі бастама» жобасы ҮЕҰ секторының қаржылай тұрақтылығын дамытуға бағытталған. 

Подробнее