Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Азаматтарды тарту және тиімді басқару

Карта деятельности Фонда

Қазақстандағы ҮЕҰ есептілігінің қағидалары мен тетіктерін жетілдіру

Дата начала: 01.02.13 Дата завершения: 31.01.15

Общая информация о проекте


Негіздеме:

1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап, азаматтық қоғам тұжырымдамасы мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты қайта қарастыру үшін дәйекті түрде дамып отырды. 1990-жылдардың ортасында халықаралық донорлық қаржыландырудың айтарлықтай ағыны арқасында, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) саны тез өсті, олардың көбі тұтастай қоғамның қажеттіліктерінен ажыратылған болатын. Нәтижесінде, көптеген қазақстандық ҮЕҰ 1990 жылдары институционалдық әлеуетінде, қоғамның қажеттіліктерін анықтауда, бағдарламаларды басқаруды дамытуда, басымдықты анықтау мен тиімді, маңызды жобалар мен қызметтермен қамтамасыз етуде кемшіліктерге ие бола отырып, халықаралық донорлар қаржыландыруына толықтай дерлік тәуелді болды. ОАЕҚ көзқарасы бойынша, азаматтық сектор ұйымдары дамуының ең өзекті мәселелері: ҮЕҰ әлсіз институционалдық тұрақтылығы; ұзақ мерзімді перспективада қызметтің әлсіз тиімділігі.

Осы мәселелердің жартылай шешімі ҮЕҰ-дың өз қызметінің ықпалы мен тұрақтылығына деген жауапкершілігі деңгейіне тәуелді. ҮЕҰ өз спонсорлары алдында жеке жобалардың жүзеге асырылу сапасы үшін есепті, бірақ қызмет алушылар алдындағы өз жұмысы үшін жауапкершілік алмайды: жұмысты жоспарлауға, қызметтердің сапасы мен тиімділігін бағалауға араластырмайды, өз даму жоспарлары туралы ақпараттандырмайды, шешім қабылдауға ықпал етуге мүмкіндік бермейді. Үкіметтік емес ұйымдардың тұрғындардың тілегі мен қажеттіліктерінен алшақта болуы ҮЕҰ-на деген сенім деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді, ол өз кезегінде клиенттерді тұрақты тартуға, өсу мен дамуға кедергі келтіреді, тұрақты қызмет ету үшін түрлі көздерден қаржыландыруды тартуға мүмкіндікті азайтады, елдегі әлеуметтік мәселелерге айтарлықтай ықпал етуге мүмкіндік бермейді. Аталмыш жоба аясында ҮЕҰ қызметін алушылар мен басқа да мүдделі тараптар алдындағы есептілік тетіктері мен қағидаларын ендіру арқылы, ҮЕҰ тиімділігі мен тұрақтылығының деңгейін арттыру жоспарлануда.


Жоба мақсаты:

Есептілік бойынша құралдар мен стратегияларды тиімді қолдануда ҮЕҰ әлеуетін жетілдіру арқылы, Қазақстандағы коммерциялық емес ұйымдар (ҮЕҰ) қызметтері мен бағдарламаларының сапасының жақсарту.


Нәтижелері:

  • Есептілік бойынша құралдар мен стратегияларды жүзеге асыру үшін ҮЕҰ әлеуеті нығайды.
  • ҮЕҰ қауымдастығы ішінде есептілікке ықпал ету үшін донорлар әлеуеті артты.
  • ҮЕҰ қызметінің ашықтығы арқасында қоғамдық қызығушылықтың өсуі.

Жоба географиясы:

Қазақстан Республикасының 14 облысы.


Проект в СМИ


Акцент на прозрачность, Юридическая газета, №190 от 23.02.2014

Из грязи в князи, Экспресс К, №234 от 20.12.2014 

Продвижение подотчетности НПО перед бенефициарами, prs.kz от 19.12.2014

В Алматы подвели итоги проекта «Продвижение подотчетности НПО в Казахстане», Kazinform Международное Информационное Агентство, от 19.12.2014

Итоги проекта «Продвижение подотчетности НПО в РК» подведены в Алматы, Forbes.kz от 20.12.2014

 


Доноры и партнеры проекта


Ресурсы и файлы проекта

Поиск по проектам






с по



Другие проекты этого направления

ҮЕҰ-дар мектебі

«Орталық Азияның Еуразия қоры» КҚ «Теңізшевройл» ЖШС қаржылық қолдауымен Атырау қаласы мен Жылыой ауданындағы КЕҰ арналған Алғыр» бағдарламасын жалғастыруда.

Подробнее

Маңғыстау облысында қауымдастықты жұмылдыру бойынша "Қоғамдық кеңістіктер" жобасы

Орталық Азияның Еуразия Қоры «Теңізшевройл» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен қоғамдық орындарды дамытуда қауымдастықтың қатысуын қолдауға арналған «Қоғамдық кеңістіктер» бағдарламасы бойынша жұмысын бастайды.

Подробнее

ҮЕҰ Сараптама Орталығының орнықтылығы жөніндегі бастама

«ҮЕҰ Сараптама Орталығының орнықтылығы жөніндегі бастама» жобасы ҮЕҰ секторының қаржылай тұрақтылығын дамытуға бағытталған. 

Подробнее