Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Әлжуаз топтарға көмек көрсету

Карта деятельности Фонда

Новости проекта

Адам құқықтарын қорғау мақсатында ҮЕҰ ықпалын күшейту

Дата начала: 01.10.12 Дата завершения: 01.04.15

Общая информация о проекте



Проект в СМИ


Негіздеме:

2011 жылы «Заң алдында теңдік» бағдарламасы аясында жүргізілген Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы сот төрелігіне қол жетімділіктің тәжірибе жүзінде қолдануы туралы зерттеуге сәйкес, Қазақстандағы көптеген респонденттер, соның ішінде халықтың әлжуаз топтары төмен құқықтық сауаттылықты көрсетті.


Мақсаты:

Оңтүстік Қазақстанның 4 облысындағы үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) ықпалын күшейту арқылы әлжуаз топтардың, соның ішінде ауылда тұратын әйелдер, тәуекел тобындағы балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ  мүгедек адамдардың құқықтарын тиімді қорғау.


Міндеттері:

  • Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеу және талдау әлеуетін нығайту;
  • Халықтың әлжуаз топтары үшін адам құқықтары мен сот төрелігіне қол жеткізуді ынталандыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың желісін нығайту; 
  • Халықтың әлжуаз топтарын және (шағын жобаларды іске асыру арқылы) олардың іс жүзінде құқықтарын пайдалану мақсатында сот төрелігіне қол жеткізудің тәжірибелік мүмкіндіктерін кеңейту.

Нәтижелері:

  • Жергілікті 25 ҮЕҰ институционалдық дамуы жақсарды;
  • Оңтүстік Қазақстанның 15 ҮЕҰ желі қызметіне белсенді қатысады;
  • ҮЕҰ желісі жергілікті билік пен жергілікті қауымдастықпен әлжуаз топтар арасында адам құқығы мен әділдікке қол жеткізу мәселелері бойынша ақпарат пен білім көзі ретінде мойындалды;
  • 2654 жергілікті қауымдастық өкілдері, соның ішінде әлжуаз топтағы жандар жеке құқықтары жөнінде білімдерін арттырды;
  • 1000 астам адам өздерінің  құқықтары жөнінде тиісті органдарға жүгінді.

Жобаның географиясы:

Оңтүстік Қазақстанның 4 облысы: Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Aлматы, Кызылорда.


Доноры и партнеры проекта


Ресурсы и файлы проекта


скачать | pdf mb

Покaзать все файлы проекта

География проекта


Видеогалерея проекта


Поиск по проектам






с по



Другие проекты этого направления

"QOLDA" жедел көмек бағдарламасы

"QOLDA" жедел көмек бағдарламасы азаматтық қоғамды тарту, қоғамдық және волонтерлік ұйымдардың жұмысының тиімділігін және координациясын көтеру, БАҚ арқылы халықтың ақпараттылығын көтеру арқылы карантиннің жағымсыз салдарын азайтуға бағытталған.

Подробнее

Қолжетімді Қазақстан

Орталық Азиядағы Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Tandau» және «Ерекше Тандау-Шелек» қорымен бірлесіп 2019 жылдың қаңтарынан бастап «Қолжетімді Қазақстан» жобасын іске қосты.

Подробнее

Қазақстандағы осал топтарға арналған құқықтық көмек жүйесін жетілдіру

2017 жылдың қаңтар айынан бастап, Орталық Азияның Еуразия Қоры Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің қолдауымен «Қазақстандағы осал топтарға құқықтық көмек көрсету жүйесін жетілдіру» жобасын жүзеге асыруда.

Подробнее

Адам құқығы жөніндегі реформаларды насихаттау үшін Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ мүмкіндіктерін күшейту

2015 жылдың наурыз айынан бастап Еуроодақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің қаржылай қолдауымен «Адам құқығы жөніндегі реформаларды насихаттау үшін Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ мүмкіндіктерін күшейту» жобасы басталды.

Подробнее

АУЫЛДЫҚ ҮЕҰ ҚОЛДАУ

2012 жылдың қараша айынан бастап, 2015 жылдың наурыз айына дейін ҚР-ғы ЕО Өкілдігінің қаржылай қолдауымен «Ауылдық ҮЕҰ қолдау» жобасы жүзеге асты.

Подробнее