Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жастар және білім беру

Карта деятельности Фонда

Новости проекта

3 қараша 2017 ж.

ОҚУ – БІЛІМ БҰЛАҒЫ!

ERSAI Caspian Contractor LLC компаниясының қолдауымен «Бірге өсеміз!» мектепге дейінгі білім

27 қазан 2017 ж.

«Бірге өсеміз» атты әлеуметтік жобаның нәтижелері

Алматы қ. 2017 жылдың 26-27 қазан аралығында өткен «Болашақ білімі» атты форумның

29 қыркүйек 2017 ж.

Маңғыстау облысында заманауи білім беру тәсілдерін

Орталық Азияның Еуразия Қоры (әрі қарай - ОАЕҚ) ERSAI Caspian Contractor LLC компаниясының

21 қыркүйек 2017 ж.

Балабақшалар тәрбиешілері өздерінің

2017 жылдың 11-15 қыркүйек аралығында Құрық ауылында тұлғаның

16 шілде 2017 ж.

Құрық балабақшаларының қызметкерлері әріптестерімен

2017 жылғы 10-14 шілде аралығында "Степ бай степ" технологиясы және "Монтессори" әдісі

Активный проект

Занятия по методике Step by step в детском саду

Активный проект

Детский сад

Активный проект

Занятия по методике Step by step в детском саду

Активный проект

Занятия по методике Step by step в детском саду

"БІРГЕ ӨСЕМІЗ!" – Мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру жобасы

Дата начала: 01.01.13 Дата завершения: 31.12.16

Общая информация о проекте


Жобаның негіздемесі

Маңғыстау облысының Құрық ауылында, жеке балабақша мен облыстық мектеп-интернаты жанындағы балабақшаны қосқанда, мектепке дейінгі білім беру бойынша 5 мекеме жұмыс істейді. 2012 жылы Орталық Азияның Еуразия Қоры мектепке дейінгі білім беру саласындағы қажеттіліктерге бағалау жүргізді. Бұл бағалау мектепке дейінгі сапалы білім беруді қамтамасыз ету саласындағы мынадый қиындықтарды анықтады: білікті кадрлардың жетіспеушілігі, кәсіби даму үшін  және қажетті оқытуды алу үшін мүмкіндіктерін болмауы (біліктілікті арттыру курстарына әр ауданнан тек 4-5 адам ғана жіберіледі),  дамытатын материалдар санының жеткіліксіздігі.     

«Біз, ата-ана ретінде, 10 тәрбиешінің ішінен тек бір ғана кәсіби маман болатынына көңіліміз толмайды. Біздің балаларымыздың жақсы білім алып, тәрбиеленгенін қалаймыз», - деп фокус-группа кезінде бір ата-ана атап өтті. Сондай-ақ бағалау ата-аналардың білім беру үрдісіне жеткіліксіз араласуы, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің әкімшілігі тарапынан қолдаудың жоқтығы сияқты мәселелерді көрсетті.  

Сонымен қатар, бағалау нәтижесінде әлеуетті өсудің жақсы жақтары мен мүмкіндіктері анықталды, оларға тәрбиешілер арасында оқытудың жаңа әдістерін үйрену, интерактивтік технологияларды қолдану, қызметкерлер мен ата-аналардың ынтымақтастық пен серіктестікке ынтасы мен бастамасы жатады.

Көп жағдайда мектепке дейінгі білім беруге тиісті назар аударылмайды.  Алайда бұл кезең - баланың дамуына маңызды да міндетті кезең. Егер баланың мектепке дейінгі білім беруі мен тәрбиеленуіне жеткілікті деңгейде назар аударылса, ұйымдастырылса, баланың ойлау, есте сақтау, назар аудару, зеректігі, елестетуі мен қиялдауы, сөйлеу сияқты негізгі және қажеті қасиеттері уақытылы қалыптасады. Баланың мектепке дейінгі жасында адамгершілік құндылықтары, мінезі мен қылықтары қалыптасады. Осы кезде бала бастаған ісін аяқтауға үйренеді, білім алуға деген махаббаты, ынтасы оянады, өз әрекетін өзі ұйымдастырады, дербестікке үйренеді.  Осының барлығы баланың келесі даму сатыларында, яғни мектепте де үздік болуға баулиды.


Жобаның мақсаты

Құрық ауылындағы мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту.


Жобаның міндеттері

ERSAI Caspian Contractor LLC компаниясының қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қорымен құрастырылған "БІРГЕ ӨСЕМІЗ!" – Мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру жобасы Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылында 2013 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.  Жоба баланың жеке тұлға болып дамуына және әлеуметтік дағдыларын дамытуға, мектепке дайындауды көздейді. Осы мақстақа жету үшін келесідей баағдарламаларды жүзеге асыру міндеті қойылған:

  • Балалардың даму, әлеуметтену және білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру үшін балабақша қызметкерлерінің біліктілігін арттыру; 
  • Ата-аналардың білім беру саласына араласуы арқылы ата-аналар мен балабақшалар арасындағы ынтымақтастықты нығайту; 
  • Балабақшаларды әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету (тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған оқыту материалдары, балаларға арналған дамыту материалдары мен құралдары).


Жобаның күтілетін нәтижелері

  • Балаларды дамыту және оқыту үрдісінде жаңа қабілеттер мен әдістемелерді қолдану арқылы мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызметкерлерінің біліктілігі мен әлеуеті жақсарады;    
  • Балалардың ерекше қажеттіліктері туралы халықтың хабардарлығы артады;
  • Балалардың дамуы мен олардың мектепке дайындығының заманауи халықаралық әдістемелері енгізілерді;
  • Балабақшалардың ата-аналармен ынтымақтастығы нығая түседі.

Жоба географиясы

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы


Жобаның аралық нәтижелері

Жобаға Құрық ауылындағы 4 балабақша («Айгөлек», «Құлыншақ», «Болашақ», «Облыстық мектеп-интернат жанындағы балабақша»)қатысады. Жоба серіктестері:  «Монтессори сыныбы» ЖШС және«Степ бай Степ» ҚҚ. Жоба аясында балабақша тәрбиешілері мен әкімшілк өкілдерінің Қазақстандағы жетекші  Степ бай степ және Монтессори орталықтарымен (Алматы, Семей, Астана) тәжірибе алмасу, біліктілігін арттыру  сапарлары ұйымдастырылды. 

Степ бай Степ және Монтессори сыныптарына, тәрбиешілерге жыл сайын бақылау мен бағалау (мониторинг) жүргізіліп отырады, аталмыш әдістемелік кітапшаларда көрсетілген халықаралық стандарттарға сәйкестігі тексеріледі, түзетулер енгізіледі. Сондай-ақ, дәстүрлі және инновациялық (Степ бай степ және Монтессори сыныптары) сыныптардың тәрбиеленушілеріне де мониторинг жүргізіледі.  2015 жылғы мониторинг нәтижелеріне сүйенсек, Степ бай степ сыныптары мен дәстүрлі оқыту әдістері қолданылатын сыныптардағы оқушылардың арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар.  Степ бай степ сыныптарының бүлдіршіндері ашық, жылы шырайлы, дербес, дамыған және берген ақпаратты тез және оңай қабылдайтындығы байқалған. 

 

 


Проект в СМИ


 

«Step by Step» инновациялық технологиясы: ізденіс пен шығармашылық» атты облыстық семинары

«Үй құстарының сыйы» ашық сабағы 

Балабақшадағы тың серпіліс

В детских садах села Курык Мангыстауской области внедряют новую систему детского дошкольного образования «Step by Step»

День открытых дверей организовали детские сады в селе Курык

В детских садах поселка Курык внедряют новую систему детского дошкольного образования «Step by Step»

В селе Курык Мангыстауской области конкурс выявил лучших учителей и воспитателей

В детских садах поселка Курык внедряют систему дошкольного образования «Step by Step»

Шаг за шагом – в ногу со временем

Воспитатели детских садов поселка Курык посетили дошкольные учреждения Астаны

Кабинеты Монтессори открылись в Курыке

«Я хочу научить не методу, а другому взгляду на ребенка и пониманию его»

День открытых дверей организовали детские сады поселка Курык

Воспитатель детского сада «Айголек» села Курык призер областного отборочного тура II Республиканского педагогического чтения «Инновации и опыт в образовании: вызовы времени»

aktau-business.com 

ab-shop.kz 

soc.mangystau.gov.kz

ns1.inform.kz

lada.kz

news.rambler.ru

karakia.mangystau.gov.kz

lada.kz

 


Доноры и партнеры проекта


Ресурсы и файлы проекта

География проекта


Видеогалерея проекта


Step by Step

Поиск по проектам






с по



Другие проекты этого направления

3.2.1 – СТАРТ!

Жобаның мақсаты: экология саласындағы жастардың бастамаларын дамыту және жастардың эко-бірлестіктерін құру.

Подробнее

Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасы (USAID)

1 Компонент: Әлеуметтік жауапты жас көшбасшылар қауымдастықтарына қолдау көрсету (CAYLA)

Подробнее

Бастауыш білім беруді жетілдіруге бағытталған "Бірге жұмылып, білімге талпынайық!" жобасы

Жоба Құрық ауылында бастауыш білім беру сапасын жақсартуға бағытталған 

Подробнее