Бiзге қосыл:

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ЕУРАЗИЯ ҚОРЫ

Қызметтерге арналған тендерлер

Жаңалықтар

2 шілде 2018 ж.

Осал топтардың құқықтарын қорғау жөніндегі ЕО жобасы

29 маусымда Еуропалық Одақтың қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қоры мен

27 маусым 2018 ж.

2018 ж. «Жарқыра» байқауының жеңімпаздары

Атырау, Қазақстан – 17 маусымда Атырауда, Орталық Азияның Еуразия Қоры

12 маусым 2018 ж.

ЕО жобасы шеңберінде қазақстандық құқық қорғаушылар

6-9 маусым аралығында қазақстандық сарапшылар, адам құқықтарын қорғаушылар мен

Қазақстанда консалтингілік және бизнес-тренингілік қызметтердің нарығына кешенді маркетингілік зерттеу жүргізу үшін зерттеушілер мен ғылыми-зерттеу компанияларының арасындағы байқау

Белсенді байқау
Басталу күні: 16.06.15 Аяқталу күні: 01.07.15

Құрметті өтініш берушілер!

Орталық Азияның Еуразия Қоры Қазақстанда консалтингілік және бизнес-тренингілік қызметтердің нарығына кешенді маркетингілік зерттеу жүргізу үшін зерттеушілер мен ғылыми-зерттеу компанияларының арасында байқау жариялайды.


I. Тапсырыс беруші туралы ақпарат:

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) - 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады. ОАЕҚ жергілікті институт ретінде Еуразия Қорының қызметін жалғастыруда. Еуразия Қоры - 1993 жылдан бастап Орталық Азияда $ 40 млн астам инвестиция құйған, жеке коммерциялық емес ұйым. ОАЕҚ туралы қосымша ақпарат алу мына сайта кіре аласыз: http://www.ef-ca.kz


II. Жоба географиясы:

Қазақстан Республикасы (14 өңірлік орталықтар, Алматы және Астана қалаларын қосқанда).


III. Мақсатты топ:

ҮЕҰ және КӘЖ саласындағы консалтинг нарығының қатысушылары (жеткізушілер/тұтынушылар).


IV. Анықтамалар:

Консалтингілік қызмет нарығына ықтимал қатысушылардың детализациясы – ҮЕҰ, Институционалдық ұйымдар (ЕО Өкілдігі, елшіліктер, халықаралық ұйымдар мен қорлар және т.б.), ірі бизнес (тау-кен өнеркәсібі, табиғи ресурстарды пайдаланушылар, азық-түлік өнеркәсібі, энергетика, ірі қызмет жеткізушілер және т.б.).

 

Зерттеудің ықтимал мақсатты тобымен ұсынылатын/қолданылатын қызметтер тізімі:

 Бизнес үшін (консалтинг үшін ықтимал векторлар):

  • Әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
  • Компания үшін жеке әлеуметтік жобаны таңдау;
  • Орындаушыларды іздеу және іріктеу;
  • Әлеуметтік жобаны іске асыру туралы есеп;
  • Әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыру;
  • Бизнестің дамуы (соның ішінде, бизнес желілер, әлеуметтік кәсіпкерлік, UN Global Compact);
  • Компания үшін КӘЖ стратегиясын әзірлеу және қолдау.

 

Для НПО (консалтинг үшін ықтимал векторлар):

  • Жоба тұжырымдамасын әзірлеу/фандрейзинг мәселесі мен «нарығының» маркенгілік сараптамасы.
  • Толық жазу жоба;
  • Жобаны бюджеттеу;
  • Жоба командасын құру/жоба үшін серіктестер іздеу;
  • Ықтимал демеушілердің деректер базасын құрастыру (релеванттық және сыналған, cенімді грант берушілер/олармен жұмыс ерекшеліктерін нақтылайтын демеушілер);
  • Фандрайзингке оқыту және жүргізу;
  • Қаржылық донордың талаптарына сәйкес жобаны бейімдеу (грант өтінімдерін толтыруды қоса алғанда);
  • Демеушілік пакеттерін, жоба үшін жарнамалық материалдарды қалыптастыру;
  • Жоба бойынша қаржылық және аналитикалық есептерді дайындау;
  • Коммерциялық емес жобаны бухгалтерлік қолдау;
  • Жобаны іске асыру процесін ағымдық бақылау (мониторинг);
  • Стандартты өлшемдер + тапсырыс берушінің критерийлері (есепті көрсетумен) бойынша жобаның тиімділігі / нәтижелерін бағалау;
  • Әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың тиімділігін арттыру;
  • ҮЕҰ институционалдық дамуы.

V. Өтінім беру үшін білікті ұйымдарұлғалар

Байқауға қатысуға барлық мүдделі тараптар: заңды тұлғалар мен ТМД кеңістігінде маркетингілік зерттеу саласында маманданатын жеке тұлғалар шақырылады. Басымдылық консалтингілік қызмет саласында зерттеу жүргізу тәжірибесіне ие кандидаттарға берілетін болады (өтініш беруші бұрын жүргізген зерттеулердің тізімін қосуы керек).


VI. Өтінім форматы (бірыңғай құжат, TimesNewRoman 12)

Іріктеуге қатысу өтінімі төмендегі ақпараттарды қамтуы тиіс:

  • Байқау атауы мен сіздің ұйым/немесе байланысушы тұлғаның аты көрсетілген мұқаба бет.
  • Атқарушы/атқарушыларлың түйіндемесі, маркетингілік зерттеуді жүргізу саласындағы алдыңғы тәжірибесі туралы толық сипаттама, сонымен қатар, маркетингілік зерттеу саласында бұрынырақ қызмет көрсеткен 3-5 байланыс мәліметтерін қосқанда (Аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, ұялы тел./жұмыс телефорны мен поштасы).
  • Зерттеудің ұсынылатын әдістемесінің сипаты, төмендегі міндеттерді қосқанда:
    • Консалтингтік қызметтердің нарықтық сегменттеу жүргізу, соның ішінде, әлеуметтік консалтинг үлесін анықтау.
    • Әлеуметтік консалтинг нарығында басты тапсырыс берушілер, сондай-ақ ықтимал бәсекелестерді анықтау (артықшылықтары мен кемшіліктерінің салыстырмалы талдауы көрсетілген кестені ұсыну).
    • Консалтингілік қызметтердің нақты және ықтимал тұтынушыларын анықтаңыз, соның ішінде, консалтингілік қызметті дамыту үшін басым аудандардың географиялық карталарын құрастыруды қосқанда.
    • Консалтинг саласындағы нақты және ықтимал сұранысты, сондай-ақ осындай қызметтерді алу үшін тұтынушылар төлеуге дайын қолайлы бағалар ауқымын анықтау.
    • Қызметтердің құнының баға белгілеу жүйесін анықтауды қосқанда, нақты және болжамды бағалық ұсыныстарға талдау жасау.
    • Ұсынылатын консалтингілік қызмет көрсету сапасын бағалауды ұсыну.
    • Консалтинг нарығының дамуы, насихатталуы мен тұрақтылығы саласындағы негізгі мәселелерді/кедергілерді анықтау.
    • Консалтинг нарығын дамытуға кедергілер/ықпалдасуға жәрдемдесу үшін, консалтинг саласындағы ұлттық және халықаралық заңнаманы талдау.
    • Әлеуметтік саладағы халықаралық консалтингілік тәжірибенің ең үздік үлгілерін сараптау.  
    • Нарықтағы консалтингілік қызметтерді ілгерілету тәсілдеріне талдау жасау (ең алдымен, сайттар, үлестірме материалдар, әлеуметтік желілер мен тарату тізімдері - бұл әдістердің тиімділігін бағалау қажет).
  • Жүргізілген зерттеулер шеңберінде пайда болуы мүмкін барлық баптарды есептегендегі зерттеудің толық бюджеті.
  • Жауапты тұлғалар көрсетілген маркетингілік зерттеуді жүргізудің толық кестесі (2015 жылдың 1 тамызы – сілтеме күні).

 

Ескертпе: Жалған немесе жаңылыстыратын ақпарат берген тұлғалар аталмыш байқау шеңберінде Орталық Азияның Еуразия Қорымен қарастырылмайтын болады.

Өтінім ОАЕҚ-на andrey@ef-ca.orgэлектрондық мекен-жайы бойынша,2015 жылдың 1 шілдесінен кеш емес (Астана уақыты бойынша 15:00-ге дейін) жіберілуі керек.


VII. Шешім қабылдау барысы мен іріктеу өлшемдері

Өтінімдерді қарау ОАЕҚ мамандары арқылы жүзеге асатын болады. Ұсынылған өтінімдерді бағалау кезінде мынадай өлшемдер ескерілетін болады:

  • Өтініш берушінің зерттеу тәжірибесі (30%);
  • Күтілетін нәтижелердің жоспарланған шығыстарға қатынасы (20%);
  • Ұсынылған әдістеменің сапасы (30%);
  • Өтініш берушінің кооперативтілігі және ОАЕҚ ұсынымдарына икемді жауап дайындығы (10%);
  • Зерттеуден кейінгі кезеңде ОАЕҚ-на кеңес беруге дайын болуы (10%).

 

Ескертпе: Өтініштерді қарау нәтижесінде, ОАЕҚ шарт жасауға немесе шешімен түсіндірместен және ұсынылған өтінімге түсіндірме жасамастан, шарт жасаспау құқығын өзіне қалдырады.


VIII. Мекен-жай және байланыс мәліметтері

Аталмыш жоба бойынша қосымша ақпарат алу үшін, ОАЕҚ/Қазақстан кеңсесіне, жоба менеджері Бачище Андрейге мына телефондар арқылы +7 (727) 250-18-10 (ішкі 105), 8 777 525 74 63, немесе andrey@ef-ca.orgэлектрондық поштасы арқылы байланыса аласыздар.


Байқаудың файлдары


жүктеу | pdf 0.27mb

Жобаның барлық ресурстарын көрсету
Бетпен бөлісу: