Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Гранттық байқаулар

Новости фонда

29 маусым 2020 ж.

"QOLDA" жедел көмек көрсету жобасы

«Qolda» жедел көмек жобасы іске қосылғанына 2 ай болды. Осы уақыт ішінде Нұр-Сұлтан

9 маусым 2020 ж.

«Qolda» жедел көмек көрсету жобасы

25 - 31 мамыр аралығында «Qolda» жедел көмек көрсету жобасы аясында Нұр-Сұлтан

29 мамыр 2020 ж.

"QOLDA" жедел көмек көрсету жобасы

«Qolda» жедел көмек көрсету жобасы аясында 18-24 мамыр аралығында 5 елордалық ұйым «ТЖ

Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Qolda жедел көмек көрсету байқауын жариялайды

Завершенный конкурс
Дата начала: 16.04.20 Дата завершения: 19.04.20

Жоба туралы қысқаша мағлұмат:

«Qolda» жедел көмек көрсету жобасы Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары үшін карантиннің жағымсыз салдарын келесі әрекеттер арқылы азайту үшін жасалды:

  • азаматтық қоғамды қатыстыру;
  • осал топтарға көмек көрсету саласындағы қоғамдық және ерікті ұйымдардың күш-жігерін үйлестіруді жақсарту;
  • бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыруды арттыру.

 

Гранттар байқауына қатысуға шақырылады:

  • халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына ерікті, гуманитарлық және қайырымдылық көмек көрсететін үкіметтік емес ұйымдар;
  • пандемия туралы ақпарат жариялайтын бұқаралық ақпарат құралдары.

 

Қаржыландыру:

Қоғамдық ұйымдар үшін гранттардың жалпы көлемі 24 000 000 теңге құрайды. Қоғамдық ұйымдардың 10-ға жуық жобалары келесі салаларда қолдау алады:

  • ·әлеуметтік осал топтарға гуманитарлық көмек және қолдау көрсету;
  • ·еріктілер мен еріктілер ұйымдарының қызметін үйлестіру, соның ішінде IT-шешімдер арқылы

Орташа алғанда, жеке грант мөлшері әр ұйымға 8 750 000 теңге құрайды, бірақ ол келіп түскен өтінімдер негізінде анықталады.

 

Бұқаралық ақпарат құралдарын қаржыландырудың жалпы көлемі 2 400 000 теңге құрайды, 5-ке жуық бұқара ақпарат құралдары  (медиа-жобалар) келесідей мақсаттарға қолдау алады:

  • ·Пандемияның түрлі салалардағы салдары мен зардаптары туралы халықтың хабардарлығын арттыру;
  • ·пандемия кезінде қоғамдық ұйымдар, халық, мемлекет және бизнес тарапынан қолдау шараларын кеңінен насихаттау.

Қаржылық қолдаудың орташа мөлшері бір жобаға 1 750 000 теңге құрайды, бірақ ол өтінім негізінде анықталады.

 

Жобаның ұзақтығы:

Гранттар жүзеге асыру уақыты 2020 жылдың 25 сәуірінен 31 тамызға дейін 4 айдан аспайтын қоғамдық және медиа жобаларға -  беріледі

 

Жеңімпаздарды іріктеу критерийлері:

  • Жобаның үнемді, адекватты бюджеті
  • Әлеуметтік әсері
  • мұқтаж адамдарға көмек көрсетудің жақсы ұйымдастырылған логистикасы және  үрдістері

 

Өтінімді тапсыру және байқауды өткізу мерзімдері:

  • Өтінімдер 2020 жылдың 19 сәуірінде Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-ге дейін қабылданады
  • Конкурстың нәтижелері 2020 жылдың 21 сәуірінде жарияланады

 

«Qolda» жобасына қатысу үшін қысқа онлайн өтінім толтыру қажет.

 

Сұрақтарыңыз бар ма?

Электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: AzharN@ef-ca.org, Aliya@ef-ca.org / https://t.me/Qolda_project

Покaзать все ресурсы проекта
Поделиться страницей: