Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Гранттық байқаулар

Новости фонда

23 тамыз 2019 ж.

Үлкен өзгерістер кішкентай қадамнан басталады!

21 тамызда Форт-Шевченко мен Баутинде тұрғындардың өз күшімен іске асырылған екі

4 шілде 2019 ж.

Жұмылсақ – жұдырық боламыз!

Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қ. мен Баутин а. тұрғындары мен балалары үшін

1 шілде 2019 ж.

Атырау облысының әлеуметтік бизнестерін марапаттау

2019 ж. 27 маусымында Атырау қаласында Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ)

Орталық Азияның Еуразия Қоры «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» бағдарламасының екінші циклі аясында грантты конкурс жариялайды

Завершенный конкурс
Дата начала: 19.07.15 Дата завершения: 04.09.15

Жобаның мақсаты:

Азаматтық қоғам ұйымдарының және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдардың жүйесін тиімді ілгерілету арқылы институционалдық басқару саласындағы бастамаларды ілгерілету, басқарудың нақты қоғамдық қызметтер, құқықтық саладағы мүшелерінің немесе саясаттарының, механизмдер мен процестеріне ұзақ мерзімді жақсартуларға әкеледі.

Жобаның екінші циклында ерекше назар келесі бағыттарға аударылатын болады:

-  Кез келген (сіздің таңдау) салада тиімді мемлекеттік басқарудағы жетістік 

-  Денсаулық сақтау секторындағы тиімді мемлекеттік басқарудағы жетістік;

-  Мүмкіндігі шектеулі жандардың  проблемаларын шешу жолындағы тиімді мемлекеттік басқарудағы жетістік;

 

Жобаның міндеттері:

  • Халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту;
  • Әлеуметтік / экономикалық саясатты қалыптастыру және іске асыру;
  • қоғамның - мемлекеттің үш секторының, азаматтық сектор мен бизнестің тығыз өзара байланыстары мен тиімді серіктестігі арқылы заңнамаларды, процестерді, механизмдерді жетілдіру.

 

Конкурс кезеңдері

Бірінші кезең: Жобалық идеяларды/концепциялады қарастыру.

Өтініш берушілердің күрделі жобалық өтініштерді жазуға кететін уақыты мен күшін үнемдеу үшін конкурсты ұйымдастырушылар бастапқы кезеңде жобалық идеялар / концепциялар конкурсын жариялайды. Өтініш беруші www.ef-ca.kz және  www.ngoexpert.kz сайттарында ұсынылған не болмаса konkurs@ef-ca.org электронды сайты арқылы сұрап алынған форма бойынша жобаларының 1-4 беттен тұратын концептуалды идеяларын ұсынуы тиіс. 

Концепция формасы жобаның мақсаты мен міндеттерінен, бірінші фаза аясындағы күтілетін қысқа мерзімді нәтижелерінен және екінші фаза аясында одан ары ұзақ мерзімді жалғастыру болашағынан тұратын негізгі қысқаша баяндалған идеяны ұсынады (1-қосымшаны қараңыз).

Сәтті концепция жобаның өзектілігімен, инновациясымен және болашағының бар болуымен ерекшеленуі тиіс, осы кезде ғана концепция 2-іріктеу кезеңіне қатысуға арналған толық конкурстық өтінім жазуға жіберіледі. Толық толтырмаған, сонымен қатар концепцияның / конкурстық өтінімнің басқа формаларын қолданған жағдайда ОАЕҚ оларды конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп қарастырады және тәуелсіз Грант комитетінің одан ары қарастыруына жібермеуге құқылы. Барлық алынған концепциялар ОАЕҚ тіркеледі және кейінірек Грант комитетінің тәуелсіз мүшелерімен бағаланады.  

 

Екінші кезең: "Шағын" жобаларды іске асыру бойынша толық өтінімдерді қарастыру.

Ең жақсы концепциялар ұсынған қатысушылар үш тақырыптық бағытқа сәйкес инновациялық "шағын" жобаларды іске асыру бойынша толықтырылған өтінімдерді жазуға шақырылады:

- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелері;

- денсаулық сақтау саласындағы мәселелер;

- басқа да тақырыптар (денсаулық сақтау саласы мен мүмкіндігі шектелуі адамдармен жұмыс жасау саласын қоспағанда).

Толықтырылған өтінімдер конкурсының жеңімпаздары 8 ай бойы 15 000 АҚШ долларына дейінгі мөлшерде қаржыландыруға ие болады.

 

Үшінші кезең: Жобалау қызметінің масштабын ұлғайту.

"Шағын" жобалардың қол жеткізілген нәтижелерін бағалау негізінде ең жақсы грант алушылар өздерінің жобалау қызметінің масштабын 18 айға дейінгі мерзімге 100 000 АҚШ долларына дейінгі қосымша қаржыландыруға ұлғайта алады (шарттары жобаның негізгі доноры тарабынан қаржыландыру мәртебесіне байланысты көп немесе аз тарапқа қарай өзгеруі мүмкін).

Грант бағдарламасының шарттары туралы толық ақпаратты www.ef-ca.kz және www.ngoexpert.kz мекенжайы бойынша ОАЕҚ сайтынан алуға болады.

 

Конкурсқа кім қатыса алады?

Жергілікті үкіметтік емес коммерциялық ұйымдар, кәсіби және бизнес-қауымдастықтар, зерттеу орталықтары және Қазақстан аумағындағы басқа да үкіметтік емес, коммерциялық ұйымдар. Республикалық маңызы бар қалалардан тыс (Астана мен Алматыдан тыс) орналасқан ұйымдарға ерекше назар аударылады. Концепция конкурсының кезеңінде жобалық идеяларды жеке тұлғалар не болмаса бастамашыл топтар да ұсына алады. Дегенмен егер идея мақұлданатын болса, онда ҮЕҰ тіркеуге не болмаса әрекет етуші ҮЕҰ серіктестік жасауға толық өтінім беру ұсынылады. Қаржыландыру тек тіркелген заңды тұлғаға ғана ұсыныла алады. 

 

Жобалық идеяларды / концепцияларды бағалау критерийі

Мемлекеттік сектор өкілдерінен, ҮЕҰ, медиа және академиялық топтардан тұратын тәуелсіз грант комитеті жобалық идеяларды келесі критерийлер бойынша бағалайды:

1

Жобалық идея мемлекеттік органдардың қолдауымен және серіктестігімен орындалады

2

Жобалық идея халыққа мемлекеттік қызметтер ұсыну, мемлекеттік әлеуметтік және экономикалық саясатты қалыптастыру және іске асыру және заңнаманы және процестерді қоғамның үш секторының - мемлекеттің, азаматтық сектор мен бизнестің - тығыз байланысы және тиімді серіктестігі арқылы жетілдіру саласында тиімді басқару принциптерін қолдайды

3

Ел/облыс/елді мекен үшін мәселенің өзектілігі

4

Жобалық идея таңдалған салада сапалық, ұзақ мерзімді, позитивті нәтижелер мен өзгерістерге алып келуі мүмкін

5

Жобалық идея инновациялық тәсілдерді ұсынады

6

Жобалық идея шындыққа жанасатын және іске асырудың нақты жоспарына ие

7

Жобалық идея кейіннен масштабын ұлғайту және мультипликациялау үшін потенциалға ие

 

Жобаларды әзірлеу жөніндегі ұсыныстар

Жобаның 1-циклінде берілген өтінімдерді талдау нәтижелері ОАЕҚ-ның тиімді басқару концепциясымен байланысы нашар көптеген өтінімдер алғандығын көрсетті. Келесі ұсыныстарды есепке алуды ұсынамыз:

  • Өтінім жазу кезінде жоғарыда аталған критерийлерге ерекше назар аудару қажет, өйткені өтінімнің осы критерийлерге сәйкестігі қарастырылады.
  • Осы грант бағдарламасының мақсатына сәйкес халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жақсарту / оңтайландыру бойынша шаралар қаржыландырылады. ҮЕҰ қызметтері инновациялық болса да, бағдарлама оларды қаржыландырмайды. ҮЕҰ қызметтері маңызды және көптеген қызықты идеялар ұсынылды, бірақ өкінішке орай оларды бұл бағдарлама қолдай алмайды.

 

1-қысқаша мысал (Жақсы, бірақ ҚЭБИ бағдарламасына сай келмейді):

Мәселе - ақыл ойы кем балалар мен жастарға көмектесуге арналған оңалту орталығының болмауы.

Ұсынылатын шешім: мектепке дейінгі шағын орталықтар ашу. Ата-аналары жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болады, ал балалары дамиды. Жастар үшін шығармашылық, спорттық, еңбек, тігу, компьютер үйірмелері бар шеберханалар ұйымдастырылады. Қалалық мәдени парктерде мерекелер ұйымдастыру БАҚ мен қоғамның ақыл ойы кем балалары бар отбасылардың мәселелеріне назар аудартады. Балалар мен жастар қалалық "Спорттық қалалық клубы" бассейніне барады, мұнда жаттықтырушының басшылығымен жексенбі күндері жүзуге үйренеді. "Жұмыс бастылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен" бірлесіп балалар мен жастарды мүгедектер таксиімен тасымалдау жүзеге асырылады.

Грант комитеті мүшелерінің түсініктемелері:

- Жобаның тұрақты және ұзақ мерзімді болмауы. Орталықта жұмыс жасау қысқа мерзімді жоспарларға ие, алдағы уақытта болашағы жоқ. Соның салдарынан Орталық жоба бойынша қаржыландырудың тоқтауына байланысты жабылып қалуы ықтимал;

- Мәселелерді шешу бойынша инновацияның болмауы;

- Жоба бенефициарларға тікелей қызмет көрсетуге ғана арналған.

- Жүйелік деңгейдегі ("түбегейлі") мәселелерді шешу үшін мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара байланыс жоқ.

 

2-қысқаша мысал (Сәтті мысал): 

Мәселе - ақыл ойы кем балалар мен жастарға көмектесуге арналған оңалту орталығының болмауы.

Ұсынылатын шешім: ҚР Үкіметіндегі ұсыныстар пакеті жобасымен ұсынылған тұрақты лоббилендіру механизмін іске қосу, лоббилендіретін депутат тобының күшін шоғырландыру. Мүдделі тұлғалардың ауқымды тобының ақпараттандырылуын жоғарылату, ҚР заңнамалық актілеріне мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған оңалту орталықтарын құру бойынша өзгерістер енгізу жөніндегі қоғамдық оң пікірлерін қалыптастыру. ҚР заңнамасында ұсыныстар пакетін қалыптастыру және оларды депутаттар тобына ұсыну бойынша жұмыстар жинақталатын қорытынды ашық қоғамдық отырыстар.

Грант комитеті мүшелерінің түсініктемелері:

- Жоба тұрақты және ұзақ мерзімді. Оң шешім шығарылған жағдайда орталықты құруға мемлекеттік қаржыландыру ұсынылады;

- Мәселелерді шешудің жүйелі тәсілдері бар;

- Жүйелік деңгейдегі ("түбегейлі") мәселелерді шешу үшін мемлекеттік органдардың өкілдерімен және басқа да мүдделі тараптармен өзара байланыс бар және т.б.

 

  • Бағдарламаға деген қызығушылық өте жоғары. Осыған дейін 433 өтінім алынды. Осындай өтінімдерді оқып шыққан грант комитетінің тәуелсіз сарапшыларының орнына өзіңізді қойып көріңіз. Бағалаушының шаршаңқыраған көзін жарқырату үшін не істеу керек? Дұрыс - көпшілік арасынан ерекшеленетін тамаша идея ұсыну! Ерінбеңіз, қызықты, инновациялық ойларды іздеуге көп уақыт бөліңіз. Халықаралық тәжірибені, қандай да бір мәселелерді жүйелік шешудің  ең жақсы тәжірибелерін зерттеңіз, оларды біздің елімізге бейімдеу мүмкіндіктерін ойластырыңыз. Қызықты конструктивті шешімдер ұсынғанды барлығы бірдей, соның ішіне мемлекеттік органдар да жақсы көреді.

 

  • Көп жаза бермеңіз.  Ықшамдап жазыңыз, әңгімеңіздің логикасын ұстаныңыз. Өтінімдер санының көп болуын есепке ала отырып, бағалаушының қосымша сұрақтары туындамауы үшін ойыңызды қысқа, бірақ барынша анық етіп баяндаңыз.   

 

  • Егер гранттың бірінші конкурсына қатысып, қаржыландыруға қол жеткізе алмасаңыз да, өз идеяңыз ҚЭБИ  бағдарламасының мақсатына мінсіз сай келді деп санаңыз, алған балдарыңыз бен осы ұсыныстарды есепке ала отырып, өтініміңізді қалай жақсартуға болатындығын саралап көріңіз және қайтадан жіберіңіз.

 

Өтінім беру процедурасы

 

  1. 1-қосымшаны - "КОНЦЕПЦИЯ ФОРМАСЫ" толтырыңыз (форманы www.ef-ca.kz және  www.ngoexpert.kz мекенжайлары бойынша сайттан жүктеуге не болмаса konkurs@ef-ca.org электронды мекенжайына хат жазу арқылы электронды поштамен сұрауға болады).
  2. Өтінімді келесі электронды мекенжайға жіберіңіз:  konkurs@ef-ca.org, мынадай белгісі болуы тиіс: “ҚЭБИ  өтінімі - Ұйымыңыздың атауы _(тақырыптық саласын көрсетіңіз)”

Мысалы: “ҚЭБИ _ Инклюзивті білім беру _мүмкіндігі шектеулі адамдар”.

  1. Өтінімдер орыс немесе қазақ тілдерінде жіберілуі тиіс.
  2. Орталық Азияның Еуразия Қоры сапалы өтінімдер алуға мүдделі болғандықтан, Өтінім берушілер konkurs@ef-ca.org  электронды поштасы немесе +7 (727) 250 18 10 телефон нөмірі арқылы конкурс өткізу процедурасы және басқа да маңыздылықтары туралы нақтылау сұрақтарын қоя алады.     

ОАЕҚ жұмыс жасау уақыты – дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00 - 18.00 аралығында. Түскі ас уақыты 12.30 - 13.30 аралығында.

 

КОНЦЕПЦИЯЛАРДЫ / ЖОБАЛЫҚ ИДЕЯЛАРДЫ ҰСЫНУДЫҢ СОҢҒЫ МЕРЗІМІ

2015 жылғы 4 қыркүйек, 18:00 (Астана уақыты)

 


КОНЦЕПЦИЯНЫҢ/ЖОБАЛЫҚ ИДЕЯНЫҢ ФОРМАСЫН ЖҮКТЕУ

ТБҚБ ЖОБАСЫНЫҢ ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫН ЖҮКТЕУ

 

Процедуры подачи и рассмотрения заявок


 

 
Покaзать все ресурсы проекта

Результаты конкурса


 

 
Поделиться страницей:
">